Без рубрики

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ НЕГЕ АЗАЙМАЙ ТҰР?

Елімізде 2025 жылы 14 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп.

Келтірілген шығын 6 миллиард теңгеден асты, оның 26%-ы жәбірленушілерге өтелді.

Қазіргі таңда осы интернет алаяқтарына қарсы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жылдары интернет арқылы сауда жасау әдетке айналып барады. Сауда жасаған тұрғындардың басым көпшілігі Қазпочта қызметіне жүгінеді. Осы орайда алаяқтар да бұл мүмкіндікті пайдаланып, халықты алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда.

Алаяқтар азаматтарға “сәлемдемеңіз келіп жетті, төлем жасаңыз” деген SMS немесе e-mail жібереді. Хабарламада жалған сілтеме көрсетіліп, қолданушыдан банк картасының мәліметін енгізу талап етіледі.

Екінші бір түрі,жалған курьер қоңырауы.Кейбір жағдайда өзін Қазпочта қызметкері ретінде таныстырып, “сәлемдемені жеткізу үшін қосымша ақы төлеу керек” деп банк реквизиттерін сұрайды.

Қазпочта қызметін алаяқтар пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа амалдарын табуда. Сондықтан әрбір қолданушы қырағы болып, жеке ақпаратын қорғауы тиіс.

Алаяқтықтың тағы бір түрі ол 1414 қысқа нөмері арқылы азаматтарға хабарламалар жіберуі. Жіберілген хабарламада “ Шотыңыз бұғатталды” немесе “ Салық қарызыңызды төлеңіз” деп артынша бір күмәнді сілтеме қойылады. Ол арқылы өткен тұрғындарға жеке мәліметін жазып, артынша код келеді.

Азаматтарға әкелетін қауіптері банк шотындағы қаражаты жоғалады. Жеке деректер бөтен қолдарға түсіп, басқа қылмыстарға пайдаланылуы мүмкін.

Бұл жағдайда сақтану жолдары:

Күмәнді SMS-тегі сілтемелерді ашпаңыз;

Жеке мәліметтерді ешкімге жібермеңіз;

Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, киберполицияға немесе 102 нөміріне хабарласыңыз;

Қосымша ақпарат алу үшін 1414-ке өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close