Без рубрики

ШЕНЕУНІКТЕР ҚАНДАЙ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖИІ БАРАДЫ?

Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен 233 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ресми статистика мәліметтерінде айтылған.

Деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілер ең көп күдікке ілінген қылмыс түрі – меншікке қарсы құқық бұзушылықтар. Атап айтқанда, 71 дерек бөтеннің мүлкін заңсыз иелену немесе ысырап ету фактісіне қатысты тіркелген.

Сондай-ақ 33 қылмыстық іс алаяқтық фактілері бойынша қозғалған. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік қызмет саласында қаржылық және мүліктік құқық бұзушылықтардың әлі де өзекті мәселе екенін көрсетеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған фактілер бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдануда.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close