Без рубрики

ТОҚАЕВ ИСПАНИЯ КОРОЛІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдап, Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Президент өз жеделхатында Испания құрамасының жоғары шеберлігі, ұйымшыл командалық ойыны мен жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйердің ықыласына бөленгенін атап өтті. Сондай-ақ Испанияның әлемдік футболдағы озық тәжірибесі көптеген елге үлгі екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанына тоқталып, бұл бастама екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, жастар байланысын дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы сөз соңында Король VI Фелипеге ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеп, Испания халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close