Без рубрики

ЖОЛ АҚЫСЫ – 150 ДОЛЛАР: АЛМАТЫДА ТАКСИСТ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРДІ АЛДАП КЕТКЕН

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристерден негізсіз қомақты қаражат алғаны үшін жауапқа тартылды.

Оқиға халықаралық Алматы әуежайында болған. Үндістанның екі азаматы әуежайдан қаланың жоғарғы бөлігіне дейін таксимен барған. Алайда межелі жерге жеткен соң жүргізуші жол ақысы ретінде олардан 150 АҚШ долларын талап еткен.

Артық төлемге күмәнданған шетелдік азаматтар құқық қорғау органдарына жүгінген.

Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында такси жүргізушісінің жеке басы жедел анықталды. Нәтижесінде заңсыз алынған қаражат туристерге толық көлемде қайтарылған.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер Қазақстанның туристік имиджіне кері әсер ететінін атап өтіп, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close