АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ВЕБИНАР
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектепте «Бастауыш сыныптарда оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» атты бастауыш сынып мұғалімдерімен аудандық педагогикалық-
әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Молжігіттің ұйымдастыруымен аудандық тәжірибелік вебинар өтті.
Вебинар заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын көрсетіп, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Құмарбек мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары мен озық іс-тәжірибелерін бейнебаянмен таныстырды.
Атап айтсақ, 4-сыныпта
Г.Сахова математика пәнінен «Есептеудің және есептерді шығарудың тиімді тәсілдері», 3-сыныпта Л.Алтынбекова қазақ тілі пәнінен «Есептік және реттік сан есім» тақырыбында ашық сабақтар өткізсе, Г.Амандосова «Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі», А.Өтебаева «Сабақтарда әртүрлі ойын әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», А.Смак «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдығын арттырудың тиімді жолдары» сынды тақырыптарда баяндамалар оқылды.
Вебинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Молжігіт атқарылған жұмыстарды қорытындылап, вебинарға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.