«Оқырман отбасы» интеллектуалды сайысы өтті
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Жүз Отыз Бесінші жалпы орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жоғары дәрежеде ісшаралар өткізіліп келеді. Айтулы мерекемен қатар, тұспа-тұс келген қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог, этнограф Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын да ұрпақ ұмытпақ емес. Осы тақырыптарды тереңінен түсіну үшін білім ошағында «Оқырман отбасы» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.
Ата-аналар келіп, балаларына қолдау көрсетті. Өздеріне берілген ақындарды, жазушыларды зерттеп, оқып, түйініп келіп ұл-қыздарымен бірге сайысты алып шықты. Дайындалып келгендердің ішінен Мұқағали Мақатаев, Әлихан Бөкейханов, Жамбыл Жабаев сияқты тұлғаларды тереңірек білетіндіктерін аңғартты. Ата-аналар дайындап, ізденіп келген видео слайдтарын көрсетіп, дүйім жұртты таңғалдырды.
«Осындай сайыстарымыз көбейіп, балаларды әрі қарай кітапқа бірге әуестендіре берейік, «- десті ұйымдастырушылар.