ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектепте 2-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» математикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті.
Турнирдің мақсаты — математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсете отырып, облыстық кезеңге іріктеу, сонымен қатар турнирді өткізуде мынадай міндеттер қойылды.
Олар:
— математика саласында дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай өзін көрсетуіне жарыс түрінде жағдай туғызу;
— аудандық дарынды бастауыш сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша облыстық турнирге қатысатын оқушыларды анықтау;
— бастауыш сынып оқушыларының жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
— бастауыш сынып оқушыларының қисынды ойлауын, танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және кеңейту;
— бастауыш сынып мұғалімдерінің дарынды, оқуға қабілеті жоғары оқушылармен жұмысының нәтижесін, жетістігін байқау, саралау.
Турнирге барлық білім беру ұйымдарының 2-4 сынып оқушыларынан әр сынып бойынша оқыту тіліне қарай 1 оқушыдан жіберіліп, барлығы 176 оқушы қатысты.
Қатысушылар логикалық және есептерден тұратын тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде, озық ойлы оқушылар анықталып, жүлделі орындар берілді. Аудандыққ кезеңде жоғары білім деңгейін көрсеткен оқушылар облыстық кезеңде де өз білімдерін бек көрсете алады деп сенеміз.