#Денсаулық

ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ХАЛДЕГІ 900 ГРАММДЫҚ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

2021 жылғы 11 қыркүйек күні №2 қалалық ауруханасында Жансая Бекежанова есімді азаматша 900 граммдық сәбиді аса ауыр жағдайда босанған болатын. Аяла есімді сәбидің қазіргі салмағы — 1 кг. 425 грамм, жағдайы жақсы.

Перзентханада неонатолог-дәрігер сәбиді күнделікті бақылап тұрады. Дәрігер баланың жағдайы жақсы екендігіне көз жеткізіп, сәбидің басынан бастап саусағының ұшына дейін тексеріп отырады.

Үшінші нәрестесін босанған Жансая бүгінгі таңда аурухана қабырғасында 40 күннен аса емделіп, осы қысқа уақыт ішінде сәбиді емдеу жолында ұжым қызметкерлерімен бір жанұядай болып кеткенін айтып, перзентхана ұжымына, соның ішінде тікелей Аяланың сауығып кетуіне өз септіктерін тигізген неонатолог дәрігерлер мен нәрестелер бөлімшесінің медбикелеріне алғысын білдіріп, ұжымның алдағы қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ағымдағы жыл басынан бүгінгі күнге дейін №2 қалалық ауруханасының перзентханасында 8 мыңға жуық нәресте дүниеге келген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close