Без рубрики

«ІШІП АЛҒАН БА?» ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІНІҢ ӘРЕКЕТІ ЖЕЛІДЕ ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Әнші Төреғали Төреәлі тағы да көпшіліктің сынына ұшырады.

Бұл жолы өнер иесінің әрекеті «Қайрат» пен «Қызылжар» арасындағы футбол матчында өнер көрсету кезінде қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары тараған бейнежазбаларға назар аударып, әншінің сахнадағы қимыл-қозғалысы мен ән орындау мәнеріне қатысты түрлі пікір білдірді. Кадрларда Төреғалидың қолынан микрофон түсіп кеткені де байқалады.
Осыдан кейін желіде оның жағдайына қатысты болжамдар көбейіп, оқырмандар арасында қызу пікірталас басталды. Алайда әншінің өзі әзірге бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close