Без рубрики
ҚАМШЫБЕК ТАШИЕВ СОТ ҮКІМІНЕ ҚАРСЫ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ТҮСІРДІ
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев өзіне шығарылған сот үкімімен келіспей, Бішкек қалалық сотына апелляциялық шағым түсірді.

Бұған дейін сот Қамшыбек Ташиевті «билікті күшпен басып алуға дайындалу» бабы бойынша кінәлі деп таныған болатын. Үкімге сәйкес, оның мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Алайда бұрынғы шенеунік бұл шешіммен келіспейтінін айтып, сот үкімін қайта қарауды талап етіп отыр.
Енді істі Бішкек қалалық соты апелляциялық тәртіппен қарап, бірінші сатыдағы соттың шешіміне құқықтық баға береді.



