Без рубрики

НҰРАЙДЫҢ АҒАСЫ СОТТА СТАЛКИНГ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты сот отырысында жәбірленушінің ағасы қарындасының ұзақ уақыт бойы аңдуға ұшырағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, сотталушы Нұрайдың соңынан қалмай, артынан аңдып жүрген. Кей кездері қыздың үйінің маңында күтіп тұрған. Сонымен қатар Нұрай Алматы қаласында білім алып жүрген кезде оның құрбыларына хабарласып, қоңырау шалып, мазасын алған.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, осы жағдайлардан кейін Нұрайдың ағасы қарындасын басқа оқу орнына ауыстыруды да ойластырған. Алайда Нұрай өз оқуын жалғастырғысы келіп, мұндай шешімге келіспеген.

Бұл мәліметтер сот отырысында жәбірленуші тараптың жауабы ретінде айтылды. Қазіргі уақытта іс бойынша сот талқылауы жалғасып, барлық мән-жай жан-жақты қарастырылып жатыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close