Без рубрики
КУӘГЕР СОТТА НҰРАЙҒА ҚАТЫСТЫ СҰМДЫҚ ЖАЙТТЫ АЙТТЫ
Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында оқиғаға куә болған азамат жауап берді.

Куәгер сотта сотталушының қатысуынсыз жауап беруге келісетінін айтып, оқиға кезінде көрген жайттарын баяндады.
Оның айтуынша, оқиға орнына келген кезде Нұрай Серікбай екі көліктің ортасында жатқан. Сондай-ақ куәгер сотталушының сол сәттегі әрекеті мен көңіл күйі туралы да мәлімет берген.
Сот отырысында айтылған деректердің қатарында күдіктінің жәбірленушіге қайта жақындап, тағы пышақ сұққаны жөніндегі мәлімдеме де болды.
Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша барлық куәгерлер мен дәлелдер жан-жақты зерттеліп, сот құқықтық баға береді.



