Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН БЕС БАЛА ҚАЗА ТАПТЫ
Түркістан облысының Түлкібас ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы оқиға Еңбекші ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo маркалы жеңіл автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Салдарынан көлік қатты зақымданып, екіге бөлініп қалған.
Оқиға салдарынан бір отбасының бес баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалғанымен, жағдайы ауыр екені хабарланды.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.



