Без рубрики

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «e-Parliament» ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев технологиялық прогрестің жетекші факторы болуы тиіс маңызды міндеттерге тоқталды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде өткен жылдың қазан айында өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында толыққанды «e-Parliament» жүйесін енгізу мәселесін көтергенін еске салды. Бүгінде Қазақстан «e-Government» (Электрондық үкімет) даму деңгейі бойынша жаһандық рейтингте әлемдегі үздік 25 елдің қатарына кіріп отыр.

 

Ендігі кезекте Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсау қажеттігін айтқан Президент жаңадан сайланған депутаттарды заң шығару ісінде болжамды сараптамаға, сондай-ақ Үлкен дерекқорды (Big Data) басқару арқылы кез келген шешімнің экономикалық салдары мен әлеуметтік тәуекелдерін модельдеуге баса мән беруге шақырды.

 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы маңызды заң жобаларын цифрлық құралдарды кеңінен пайдалана отырып, сарапшылармен және белсенді қоғам өкілдерімен бірге ашық талқылау қажеттігін қадап айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close