МАҢҒЫСТАУДА ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН ҮШ ҚЫЗМЕТШІ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде ерлігі мен жанқиярлығын көрсеткен бір топ әскери қызметші Қазақстан Республикасының «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награда Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери міндетін атқарған қызметшілерге берілді.
«Ерлігі үшін» медалімен 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бекет Бақтыбекұлы Қуандық, Ақжол Тимурұлы Темірхан және Никита Александрович Удалов марапатталды.
Бекет Қуандық пен Ақжол Темірхан 29011 әскери бөлімінде матрос, атқыш қызметін атқарған. Ал Никита Удалов осы әскери бөлімде санитариялық нұсқаушы қызметін атқарған.
Мемлекеттік награда әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын орындау барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығына берілді.
«Ерлігі үшін» медалі – әскери және азаматтық борышын өтеу кезінде ерлік көрсеткен азаматтарға табысталатын мемлекеттік наградалардың бірі. Бұл марапат әскери қызметшілердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегіне берілген мемлекеттік құрметті білдіреді.



