ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
2015 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы тұрақты даму саласын қамтитын өзара байланысты 17 мақсатын жариялады (Sustainable Development Goals (SDGs)). Бұл мақсаттар «барша адамның ең жақсы әрі тұрақты болашаққа жету жоспары» саналады.
Гендерлік теңдікті қалыптастыру, әйелдер мен қыздар құқығы мен мүмкіндігін арттыру – осы мақсаттардың бір тармағы. Қазақстан Республикасы – БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бірі, сондықтан тұрақты даму мақсатын қолдайды. Сондықтан қай уақытта да тұрақты даму, соның ішінде, гендерлік саясат әлем[1]дік дамудың ең маңызды стратегиясының бірі саналады. Сәтті жүргізілген гендерлік саясат – мемлекеттің тұрақты дамуы кепілі, өйткені ол әлеуметтік-мәдени кон[1]тексті анықтайтын фактор. Соған орай жалпы Қазақстан Республикасындағы және Шымкент қаласындағы гендер мәселесін зерттеу нысаны етіп алдық. Соның ішінде гендер туралы жастар не ойлайтынына мән берген абзал, өйткені жан-жақты дамы[1]ған мемлекет құру үшін алдымен жас буынды тәрбиелеу керек. Осының бәрін қамты[1]ғанда зерттеудің қаншалықты өзекті екені көрінеді. Зерттеу мақсаты – Қазақстан жастары түсінігіндегі гендер мәселесін талдау және ген[1]дерлік проблемалардан арылуға көмектесетін шаралар мен гендерлік саясатты жетіл[1]діру жолдарын ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді айқындап алдық: 1. Гендерлік саясат саласындағы халықаралық тәжірибені талдау. 2. Шымкент қаласында тұратын, 18–29 жас аралығындағы жастардан әлеуметтік сауалнама алып, негізгі гендерлік түсінік туралы не білетінін анықтау. 27 Наталья Ворошилова 3. Анықталған гендерлік мәселелерді жойып, Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясатты жетілдіретін шаралар ұсыну. Гендер, жыныс, гендерлік кімдік Гендер мәселесіне әділ қарау үшін және Шымкент қаласы жастары гендер ұғымын қалай түсінетінін талдау үшін жыныс, гендер деген ұғымдарға түсініктеме беріп, олар[1]дың айырмасын айта кету керек және гендерлік кімдік дегеннің не екенін ажыратып алу керек. «Жыныс» пен «гендер» термині көбіне синоним ретінде қолданылып жүр. ДДҰ анықтамасына сүйенсек, бұл сөздердің мағынасы бір емес. Адам жынысы – адамдар мен жануарлардағы биологиялық белгілер жиынтығы. Ол, ең алдымен, адамның физикалық және физиологиялық ерекшелігімен байла[1]нысты, оған хромосомалар жиынтығы, ген экспрессиясы, гормондар мөлшері мен қызметі және репродукциялық/жыныстық анатомиясы кіреді. Жыныс әдетте әйел және еркек болып екіге бөлінеді. Гендер – әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан рөлдер; адамдардың жынысына қарай ерекшеленетін мінез-құлқы, өзін көрсетуі, кімдігі. Гендер адамдардың өзін және өз[1]гелерді қабылдауына, өзара байланысына, билік пен қоғамдағы ресурстарды бөлуге ықпал етеді. Гендерлік кімдік бинар да емес (қыз/әйел, ұл/еркек) және тұрақты да емес; гендер бұрыннан бар және уақыт өткен сайын өзгеріп тұруы мүмкін. Адамдар мен топтардың гендерді атқаратын рөлі, оларға артылған үміт, өзгелермен қарым[1]қатынасы және қоғамдағы гендерді институттандыруға қатысты күрделі әдістер ар[1]қылы түсінуі мен қабылдауында айтарлықтай айырмашылық бар. Сонымен, жыныс – адамның туа бітті физикалық ерекшелігі, ал гендер – адамның жеке тұлғасы, өз болмысын көрсетуі және әлеуметтік рөлі. Адам өзін туа біткен ерек[1]шелігіне де (бинар гендер кімдігі), туа біткен жынысынан басқа жынысқа да (бейби[1]нар гендерлік кімдік) немесе бірде-бір жынысқа сай көрмеуі мүмкін (Васильченко, 1990; Бухановский, 2015; Skordis et al., 2015; Fuss et al., 2018). Қазақстан Республикасындағы өзекті гендер мәселелері Гендерлік теңдік стратегиясы аясында қабылданған кешенді гендерлік әдістерді ен[1]гізгелі 20 жылдан астам уақыт өтті және гендерлік мәселе бойынша жаңартылған сая[1]сат қабылдаған Қазақстан гендерлік теңдікті қолдайтынын көрсетіп келеді. Қазақстан гендерлік теңдікті заңға, саясат пен экономикаға және басқа салаларға енгізу проце[1]сін бастап кетті, осыған қатысты қабылданған шаралар әлеуметтік-экономикалық да[1]мудың жалпы мақсатына жеткізетін кілт болмақ. Шымкент – гендерлік бағдарлама[1]ларды жиі іске асырып жүрген қалалардың бірі. 28 Саясат және қоғамдық сфера Азаматтар теңдігі, соның ішінде гендерлік теңдік туралы Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14-бабында жазылған. Қазір Қазақстан Республикасында құ[1]қықтық және саяси салада арнайы бағдарламалар қабылданған және іс жүзінде қол[1]данылып жатыр; құқықтық сауат, заң саласында қолдау көрсету, гендерлік теңдікті ілгерілетуді көздейтін халықаралық құжаттар бекітілген. Осының бәрі ҚР үкіметі не[1]гізгі гендерлік мәселелерге ден қойғанын көрсетеді. БҰҰ-ға мүше елдердің халықа[1]ралық көрсеткіштеріне салсақ, Қазақстанның гендерлік теңдік көрсеткіші біршама жақсарған: ¾ Адамзат дамуы жөніндегі баяндамаға сүйенсек, 2019 жылы Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен білім беру сияқты стратегиялық ма[1]ңызды салаларда базалық теңсіздік тұрғысынан алғанда гендерлік алшақтық азайған (http://hdr.undp.org, 2021). ¾ Қазақстан 189 мемлекет арасында 50 орында тұр, бұл мемлекет жоғары дең[1]гейде дамып жатқанын көрсетеді (https://www.weforum.org, 2021). ¾ 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы әйелдердің Гендерлік даму индексі (GDI) 0,795, ал ерлердікі 0,790 болған, бұл – әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік деңгейі жоғары деген сөз (жиынтық GDI 1,006 болды). Гендерлік даму индексі (GDI) БҰҰ Даму бағдарламасының индикаторы саналады (https://www. weforum.org, 2021). ¾ Қазақстанда 2000 жылы Гендерлік теңсіздік индексі 0,405 болса, 2017 жылы 0,197 болған, бұл Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі орташа көрсеткіштен төмен (0,279) (https://www.weforum.org, 2021). ¾ 2020 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумдағы (бұдан ары GGGI) Жаһандық гендерлік алшақтық индексі 0,710 болған. Қазақстан 153 мем[1]лекет арасында 72 орында тұрса, ЭЕО елдері арасында тек Беларусь алғашқы отыздыққа кірген (29 орын), ал Армения (98 орын), Қырғызстан (93 орын) және Ресей (81 орын) Қазақстаннан кейін тұр (https://www.weforum.org, 2021). Қоғам елдегі саяси өмірге әйелдер белсене араласқанына қарсы емес, қайта олар[1]ды қолдауға дайын, бұған қарап ҚР гендерлік мәселелерде біршама жетістікке жет[1]кенін көреміз. Бұл сөзімізге 2016 жылы Ф.Эберт атындағы қор жүргізген әлеуметтік зерттеулердегі деректер де дәлел болады (https://library.fes.de, 2021). Зерттеу нәти[1]жесіне сүйенсек, қазақстандықтардың 60%-ы әйелдер елдегі саяси өмірге араласуы керек, әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы әлеуметтік саясат тиімділігін арттыруға ықпал етеді дегенге келіседі. Қазақстанның түрлі салада гендерлік теңдік орнатсақ деген әрекеті нәтиже беріп жатыр. Дегенмен бірқатар проблемалар да бар. Атап айтқанда: 29 Наталья Ворошилова 1. Заң шығару саласындағы шалағайлық. 2009 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған №223-IV «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңы Қазақстан Республикасындағы гендер[1]лік саясаттың негізі саналады. Бұл заң актісін дайындау мен қабылдаудың өзі дамыған зайырлы мемлекеттің жетістігі саналғанымен, заңда кемшіліктер бар. Атап айтқанда, ондағы дискриминация туралы анықтаманы толыққанды, түсі[1]нікті және нақты деуге келмейді. Сонымен қатар қандай да бір формадағы тең[1]сіздік пен дискриминацияға тыйым салынбаған. Дегенмен заң актісінде гендер[1]лік теңдікті ілгерілетуді реттейтін көптеген ережелер бар, бірақ осы ережелерді орындау жауапкершілігі ешкімге жүктелмеген және нақтыланбаған, мемлекеттік мекемелер мен институттар қай ереженің іске асуын қадағалайтыны түсініксіз. Оған қоса «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» деген Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын да атап өту керек. Құжатты талдағанда ҚР үкіметі ген[1]дерлік мәселелерді тиімді шешуге ұмтылатыны байқалды, алайда гендерлік теңдікке жетуге бағытталған дербес стратегияларды дайындауға және оны іске асыруға қарсы шығады, бұл саланың мәселесін отбасы саясаты мәселесімен бірге қарастырады. 2. Билік органдарындағы әйел[1]дердің аздығы. Саяси салада[1]ғы ерлер мен әйелдер үлесі тең емес. Мұндай тұжырым[1]ды Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы дайындаған «Сайланатын лауазымдардағы гендерлік теңдік: алты сатылы іс-қи[1]мыл жоспары» деген құжат пен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы[1]ның ресми дерегіне сүйеніп жасауға болады (https://www. osce.org, 2021; https://gender. 30 Саясат және қоғамдық сфера stat.gov.kz, 2021). 2019 жылғы деректерде Қазақстан Республикасындағы әйел[1]дердің үлесі мынандай: ҚР мемлекеттік саяси қызметкерлер арасында – 11,8%; ҚР Парламент мүшелері арасында – 21,8%; мәслихат мүшелері мен жергілікті билік мекемелері арасында – 22%; әкімшілік лауазым мен басқарма қызметі арасын[1]да – 4,1%. Бұдан әйелдердің мемлекеттік саясатқа ықпал ету мүмкіндігі шектеулі екенін көреміз. Бұл тұрғыдан алғанда «критикалық масса» концепциясына ерек[1]ше назар аудару керек. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, мемлекеттік мекеме[1]лердегі әйелдер гендерлік саясат мәселесі мен мүддесін көтеріп, ілгерілетуге аса араласпайды, өйткені олардың соңынан еретін «критикалық масса» жоқ деседі. Мұндай масса жұмыс тиімділігін, шешім қабылдағанда әйелдер ықпалын артты[1]ратын әйелдер коалициясын құруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың сөзіне сенсек, «критикалық массаға» жету үшін әйелдер үлесі 30% болуы керек (Childs, Krook, 2008). Қазақстандағы саясатта жүрген әйелдер үлесі «критикалық массаға» жетпейтіндіктен, парламенттегі еркектер арасынан әйелдер даусы «естілмей қа[1]лады». 2018 жылы еңбекақыдағы айырмашылық 34,2% пайыз болған. Сөйте тұра, Қазақстан Республикасында әйелдер ерлермен бірдей жұмыспен қамтылса да, үй шаруасын ерлерден екі есе көп атқаратынын да ескеру керек (https://www.kz.undp. org, 2021). 3. Еңбек нарығындағы жағдайдың теңсіздігі. 2018 жылы Қазақстан Республикасын[1]да жалпы халық санына шаққанда әйелдердің 64,8%-ы жұмыспен қамтылған. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы әйелдер орта есеппен ерлер алатын жалақының 68,7%-ын алған екен (https:// cabar.asia/ru, 2021). Айта кетерлік жайт, ranking.kz деректеріне сүйсенсек, 2021 жылдың басында ҚР-да 330 400 компания тіркелген, оның 99 мыңын ғана әйелдер басқарады. Басқаларымен салыстырғанда, орта бизнесте басшы әйелдер үлесі көп, яғни 35,6%. Шағын бизнес саласында басшы әйелдер үлесі 29,8% болса, ірі бизнестегі үлесі – 18%. Әлемдегі жетекші елдердің көрсеткішімен салыстырған[1]да, Қазақстанның еңбек нарығындағы әйелдер үлесі жоғары. Бұл жердегі басты проблема – ерлер мен әйелдерге төленетін еңбекақы арасындағы айырмашылық. Әйелдер мүмкіндігін арттыру үшін білім беру мен кәсіби саладағы стереотиптерді өзгерту керек, әйелдерді шешім қабылдайтын лауазымдарға тағайындап, еңбека[1]қыдағы айырмашылықты азайту керек. 4. Зорлық-зомбылық түрлері. БҰҰ Даму бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы аумағында үйдегі зорлық-зомбылықтың таралуын зерттегенде мы[1]надай жағдай анықталған: елдегі 18–75 жас аралығындағы жұбы бар әйелдердің 31 Наталья Ворошилова 18%-ы өмір бойы жыныстық зорлық-зомбылық пен ұрып-соғуға шыдап жүрген, ал 21%-ы немесе әр бесінші әйел психологиялық қысымға ұшыраған. 5. Алалау. 2018 жылы әр елдегі гендерлік теңдікті салыстырып, халықаралық рей[1]тинг жасайтын және әлеуметтік ортадағы жынысына қарай алалауды бағалайтын Әлеуметтік институттар және гендер индексіне (SIGI) сәйкес әлемнің 160 елінде практикалық іс-тәжірибе жүргізіліп, заң қабылданған. SIGI бес саланы қамтиды: алалауға қатысты отбасылық индекс, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын бұзбау, сыңаржақ қарым-қатынас, ресурстарды шектеу, азаматтық еркіндікті шек[1]теу. Қазақстан SIGI-дің екінші тобына кіреді, яғни ресми деректерде алалау дең[1]гейі төмен дегенімен, шынайы өмірде әлі де бар (SIGI-дің 1-тобы алалаудың ең төмен деңгейін көрсетеді) (https://www.genderindex.org/, 2021). Аталған фактілерге сүйеніп, гендерлік мәселенің өзекті екенін, оны шешпесе болмайтынына көз жеткіздік. Қазақстан Республикасындағы гендерлік мәселелер[1]ді шешіп, гендерлік теңдікке жету саласындағы проблемалар мен жетістіктерді тал[1]дай келе, мемлекет гендерлік теңдік және халықаралық гендерлік саясат саласында бекітілген халықаралық нормалар мен стандарттарға сай болуға мүмкіндік беретін халықаралық құжаттарды, бағдарламалар мен конвенцияларды бекітуге, «жарты[1]лай реформа» жасауға бейім екенін байқадық. Осы ресми статистикалар мен өзге де факторларға сүйеніп, тиімді гендерлік саясат стратегиясын әзірлеп, оны енгізу және дұрыстап іске асыру қажет деген қорытындыға келуге болады.