Қоғам

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ

Тоқыма кәсіпорындары табиғи, жасанды және синтетикалық талшықты материалдарды өңдеу үшін арналған. Оларда тігін, тоқыма т.б. трикотаждық шикізатарды тазалау бойынша әртүрлі өндірісі бар.

Текстиль өндірісінің қазіргі заманғы мекемесі бір қабатты фонарсыз ғимараттарда орналасады. Бұл ғимараттар толық немесе бөлшектеніп табиғи жарықтанудан және айдау-тарту желдеткішті ауыстыратын табиғи желдетуден (аэрации) айырылған біріккен жабындармен және бітеу қабырғалардан тұрады. Оларды баған торы 12х18, 12х24 и 24х24 м болатын тікбұрышты форма етіп жоспарлайды және тұрғызады. Олардың ауданы 80-150 мың м2және одан жоғары болады.Бағандар таңдаулы темірбетоннан, қабырғалар өздік тасушы немесе төбелік панельден, жабындар темібетонды төсемеден жасалған темірбетон ферма бойынша байланысқан. Ферманың төменгі жағына профильді алюминилі беттерден, асбоцементті беттерден және басқа жеңіл материалдардан жасалған ілмелі төбелерді бекітеді. Байланысқан жабындармен ілмелі төбелер арасына сумен қамтамасыз ету, жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу, күштік және жарықтандыру кабельдері коммуникация жүйелерін салады. Ферманың төменгі белдеуінен ілмелі төбеге дейінгі арақашықтығы 0,5 м және жоғары. Ілмелі төбенің жеңіл конструкциясы белгілі бір ауырлыққа арналмаған, сондықтан жеке коммуникацияларды жабынның және бағанның тасушы конструкциясына бекітеді, ал оларға қызмет көрсету үшін жүргіш көпірлер мен аудандар құрады. Кейбір ғимараттарда, техникалық қабаттарда әртүрлі көмекші бөлмелер орналастырады.

Фонарсыз ғимараттарда шартты түрде қойма, өндірістік, әкімшілік- тұрмыстық аймақтарды, сондай-ақ өндірістік–көмекші бөлмелерді (жөндеу шеберханасы, автожүктегіштер үшін гараждар) бөліп көрсетуге болады. Ғимараттың үлкен бөлігін өндірістік бөлмелер алады. 9.7 суретте мақтақағазды комбинаттың корпусы көлденең өтпелі бес отсекке бөлінгені көрініп тұр, олардың екі жағынан цехтердің көмекші бөлмелері орналасқан, ал оның жалпы көлемі 170 мың. м2. құрайды. Өндірістік аймақтар ереже бойынша подвалы бар бір қабатты, басқалардан жанбайтын материалдан жасалған қабырғамен бөлінген. Әкімшілік-тұрғын аймағы фонарсыз ғимараттың басты фасады жағында орналасқан және бірнеше қабаты болуы мүмкін. Шикізат және дайын өнімнің қоймасы өндірістік ғимараттың сыртқы қабырғасында орналасқан және басқа бөлмелерден өртке қарсы қабырғалармен бөлінген.

Фонарсыз         ғимараттың    жабындарында    жанғыш    материалдардың орналасуына байланысты бөлмелерде ауданы кем дегенде 0,2% болатын түтін люктері болуы керек.    Түтінді жойып температыраны төмендету үшін түтін люктерінің клапандары автоматты және дистанционды ашылуын қарастырады. Тоқыма өндіріс мекемесі бір және көп қабатты ауданы бірнеше мың квадрат метрді құрайтын ескі ғимараттарда орналасуы сирек кездеспейді. Бұл ғимараттарда,   ереже    бойынша   аражапқыш,   жабын,   аражабындар   ағаш материалынан жасалған. Қолдану кезінде бұндай аражапқыштар жабдықтардан ағатын майлармен сіңіріледі және саңылаулар арқылы майлар төменгі қабатқа баруы мүмкін. Бұл майлар өнімдерге түспесі үшін аражабындардың төбелерін шатырлы болатпен жабады, ол өрт кезінде белгілі бір қиындық туғызады. Бұл ғимараттарда, ереже бойынша, жабындылар, беттіктер және ара қабырғалар ағаштан жасалған.

Көп қабатты ғимаратта қабаттар мен цехтар бір-бірімен транспорттық ленталар, элеваторлар, аспалы транспортерлар, вагонеткалар және т.б. ішкіфабрикалық транспорттар өтетін жүк көтергіш шахталармен, өтпелермен, галереялармен, сондай-ақ дәліздермен, өтпелермен байланысқан. Цехтарда пневмотранспорт, айдау-тарту және жергілікті жасанды желдету жүйесі кең тараған. Бұл жүйе желдеткішінің ауа өткізгішін бөлменің аражапқышының астына, тікелей аражапқышта, бөлменің еденінің астына және ғимараттың техникалық шатырында орналастырады.

Дайындау цехтарының қатарында ( түту-қағу және т.б.) ауаның рециркуляция жүйесін орнатады. Фабриканың ескі ғимараттарындағы шаңбасқыш камераларын подвал бөлмелерінде орналастырады (шаң подвалы). Қазіргі заманғы өндірістерде шаң подвалдарының орнына рециркуляциялық фильтрлер, ал   бөлмелерде   қажетті температурамен ылғалдылық туғызатын цех ғимараттарында қолданылады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close