Қоғам

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті лездемелік мәжілісті Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне, Құрылыс бөліміне берілген тапсырмалардың орындалуы мен жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктерін саралауға арнады.

Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков рәсімделу сатысындағы жобалау-сметалық құжаттар жайын баяндап, ұсыныстарға тоқталды. «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерді газдандыру барысында туындаған мәселелер талданып, жауапты бөлімге тиісті тапсырмалар жүктелді.

Жолдарға тас төсеу барысы мен қаладағы аялдамалардың жай күйі бойынша Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Арман Оспан есеп берді.

Мәжіліс барысында жұмысшы топтың қала аумағында анықтаған кемшіліктері ұсынылды. Бүлінген жол жабындылары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды ретке келтіру, құдықшаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, шұғыл әрекет ету, тазалықты қамтамасыз ету және заң аясында тиісті шараларды қабылдау тұрақты қадағаланатынын ескерткен Нұрбол Әбдісаттарұлы әр бөлім басшысына күнделікті жұмысты бекітілген аумақтарды аралаудан бастауды тапсырды:

— Бөлімдер көрмеген кемшіліктерді сектор жетекшілері ұсынуы тиіс. Нәтиже көңілден шығуы үшін жұмысты өз деңгейінде ұйымдастыра білу маңызды. Тұрғындардан артық көмекші жоқ. Рас, маманы болмаған соң кей мәселелерді түсінбеуі мүмкін. Түсіндіріңіздер. Орынды сынды қабылдауды, қорытынды шығаруды үйреніңіздер, — деді қала әкімі өз сөзінде.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close