Қоғам

ӨНЕРКӘСІПТІК АПАТТАР

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға адамның өндірістік немесе шаруашылық қызметіне байланысты апаттар немесе қираулар жатады. Олар нысандық, жергілікті, аймақтық жаһандық болып бөлінеді.

Aпат – машинаның, станоктың, жабдықтың, ғимараттың, қандайда бір қурылыстың зақымдануына, бұзылуына әкеп соқтыратын жойқын кұбылыс. Мысалы, күнделікті өмірде автокөліктер, ұшақтар мен пойыздардың апаттары жиі кездеседі. Сондай-ак апатқа электр энергиясын, су, жылу мен газды беру кезіндегі ереже бұзушылықтарды да жатқызуға болады. Қирау – адам құрбандарының саны көп іpi апат.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қандай да біроқиғаны жатқызуға мүмкіндік беретін мынадай үш белгі сипатталады:
1) апат немесе өзге де қирау нәтижесінде қалыптасқан жағдай (апат көбіне төтенше жағдай болып табылмайды, тек оның көзі болуы мүмкін);
2) ауыр зардаптардың болуы немесе туындау мүмкіндігі (адамдардың қаза табуы, денсаулыққа және қоршаған ортаға зардабы, материалдық шығын және тіршілік әрекетінің бұзылуы);
3) оқиғаның техногендік сипаты, яғни оның адам қызметінің техникалық, өндірістік саласымен байланысы.
Шығу тегіне және нысандық белгісіне байланысты тетенше жағ айлар төмендегідей бөлінеді:
1) көлік апаттары: тауар, жолаушылар, метрополитен пойыздарының апаттары; теңіз, өзен жүк және жолаушылар кемелерінің апаттары; әуе апаттары; автожолдардағы апаттар: көпірлердегі, теміржол өтпелеріндегі және тоннельдердегі көлік апаттары: магистральдық құбыр жолдарындағы алаттар;
2) өрт, жарылыс, жарылыс қаупі: ғимараттардағы, коммуникациялардағы және өнеркәсіптік нысандардың технологиялық жабдықтарындағы өрт, тез тұтанатын, жанғыш және жарылғыш заттарды өндіру қайта
өңдеу және сақтау нысандарындағы, көліктегі, шахталардағы, жерасты және тау кен қазбаларындағы, метрополитендегі өрт; тұрғын үй, әлеуметтік тұрмыстық, мәдени мақсаттағы ғимараттардағы өрт;
химиялық қауіпті және радиациялық қауіпті нысандардағы өрт; жарылмаған оқ-дәрілердің табылуы;
3) химиялық қауіпті заттардың (ХҚЗ) шығарындыларынан болатын апаттар: химиялық қауіпті заттардың шығарындыларын өндіру, қайта өңдеу немесе сақтау (көму) кезіндегі апаттар; ХҚЗ шығарындылары бар көліктегі апаттар, апат нәтижесінде басталған химиялық реакциялар процесіндегі ХҚЗ-дың пайда болуы және таралуы;
химиялық оқ-дәрлерге қатысты апаттар;
4) радиоактивті зат шығарындыларына байланысты апаттар: атом электрстансаларындағы радиоактивті заттардың (Р3) шығарылуымен өндірістік және зерттеу мақсатындағы атом энергетика қондырғыларындағы апаттар; ядролық-отын циклы кәсіпорындарында P3 шығарылуына байланысты апаттар; көлік құралдарының және ядролық қондырғылардың немесе бортында PЗ бар ғарыш аппараттарының апаттары; РЗ шығарылуымен болатын өнеркәсіптік және ядролық сынақ жарылыстары кезіндегі апаттар; ядролық оқ-дәрілер сақталатын, пайдалануға берілетін немесе қондырғы орындарындағы апаттар;
5) биологиялық қауіпті заттардың шығарындыларынан туындайтын апаттар: кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде (зертханаларда) биологиялық қауіпті заттардың (БҚЗ) шығарындыларынан болатын апаттар; БҚЗ шығарындыларын тасымалдау кезіндегі көліктегі апаттар;
6) ғимараттардың, құрылыстардың кенеттен опырылуы: көлік коммуникациялары элементтерінің, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың тұрғын, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың отырылуы;
7) электр энергетикалық жүйелердегі апаттар: барлық тұтынушыны электрмен жабдықтаудың ұзақмерзімді үзілістегі автономды электрстансыларындағы негізгі тұтынушыларды немесе кең аумақтарды электрмен жабдықтаудың ұзақмерзімді үзілістегі электр энергетикалық жүйелеріндегі апаттар; көліктік электр түйіспелі желілерінің істен шығуы;
8) тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдык жүйелердегі апаттар: ластаушы заттар жаппай шығарылатын кәріз жүйелеріндегі апаттар; жылдың суық мезгілінде жылу желілеріндегі (ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі) апаттар, халықты ауызсумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар; коммуналдық газ құбырларындағы апаттар;
9) тазарту құрылыстарындағы апаттар: ластаушы заттарды жаппай шығаратын өнеркәсіптік кесіпорындардың сарқынды суларының тазарту құрылыстарындағы апаттар; ластаушы заттарды
жаппай шығаратын өнеркәсіптік газдардың тазарту құрылыстарындағы апаттар;
10) гидродинамикалық апаттар: серпіліс толқындарының түзілуінен және апатты су басулардан; серпінді су тасқыны пайда болудан; құнарлы топырақтың шайылуынан пайда болған бөгеттердің (дамбалардың, шлюздердің және т.б.) бұзылуы. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандар – белгілі бір жағдайда жануға немесе жарылысқа қабілетті болатын, жарылыс қаупі бар өнімдер немесе өнімдер өндірілетін, сақталатын, тасымалданатын кәсіпорындар. Жарылыстық өрт қаупі бар нысандарға химия, газ, мұнай өңдеу, целлюлоза-қағаз, тамақ, лак-бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, шикізат немесе энергия тасымалдаушы ретінде газ және мұнай өнімдерін пайдаланатын кәсіпорындар, жарылыс және өрт қаупі бар заттарды тасымалдайтын көліктің барлық түрі, жанармай құю стансылары, газ және өнім желілер жатады. Зауыттық концентрацияланған өндіріс жағдайында қауіпті және жанбайтын болып есептелетін заттар болады. Мысалы, ағаш, көмір, шымтезек, алюминий, ұн және кант шаңдары жарылады және жанады. Жарылыс – қысқа уақыт ішінде шектеулі көлемде энергияның көп мөлшері босатылатын кенеттен болған оқиға.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close