ҚЫС МАУСЫМЫДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Күртік қар – бұл желдің 15 м/с және 12 сағат бойы қар жауған кезде, қардың мол түсуімен байланысты гидрометерологиялық апат.
Қатты қар жауумен байланысты төтенше жағдайлардың ең көп қайталануы төмен және орта таулы аудандарда байқалады, онда қар жауғанда және боран кезінде жел жылдамдығының орографиялық күшеюінен биіктігі 1м дейін және оданда көп күртік қар пайда болады. Төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарында орасан зор.
Қарлы дауылды қысқы кезеңде болатын дауыл ретінде анықтауға болады, сол кезде желдің жылдамдығы сағатына 56 километрге дейін жетеді. Қарлы дауылдың ерекше қасиеті оның төменгі температурасы болып табылады. Бұл ретте ауаның температурасы -7°С-ге дейін түседі. Қарлы дауылдың таралу аумағы керегінше кең көлемді болуы мүмкін.
Боран – жер үстіндегі ауаның қабатындағы қардың желмен ауысуы. Сырманы, төменгі және жалпы боранды айыруға болады. Сырма және төменгі боран кезінде бұрын түскен қардың таралуы болады, жалпы боран кезінде, таралумен бірге, қар бұлттардан түседі. Олардың тұрғындар үшін қауіптілігі жолдардағы, елді-мекендердегі және жеке ғимараттардағы қар басумен көрінеді. Күрік қардың биіктігі 1 м-ге дейін асады, ал таулы аймақтарда 5-6 м- ге дейін болуы мүмкін. Жолдардағы көріністің 20-50 м-ге дейін төмендеуі, сондай-ақ жеңіл ғимараттардың және шатырлардың бірен-сараны бұзылуы, электр және байланыс беру ауа желісінің үзілуі мүмкін.
Борандарға және күртік қарларға қалай дайындалу керек
Егерде Сіздер қатты боран туралы ескерту алсаңыздар, терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіш сыңалауын тығыздап жабыңыздар. Терезенің әйнектерін қағаз лентамен жапсырыңыздар, терезе қақпағын немесе қалқанды жабыңыздар. Су мен тамақтың екі тәуліктік қорын, дәрі-дәрмек қорын, автономдық жарық құралын (фонарьлар, керосин лампалары, шамдар), жорық плиткасын, батарейкалы радиоқабылдағыш сақтап жүріңіздер. Балконнан және терезе алды тақтайдан заттарды алыңыздар, олар ауа ағымымен басылып қалуы мүмкін. Радиқабылдағышты және теледидарды қосыңыздар – олар бойынша жаңа маңызды ақпарат түсуі мүмкін. Электр энергиясының сөнуіне дайын болыңыздар. Жеңіл құрылыстан орнықтырақ ғимаратқа көшіңіздер. Қар тазалау үшін құрал-сайман дайындаңыздар.
Қатты боран кезінде қандай әрекет жасау керек
Төтенше жағдайда ғана ғимараттан шығыңыздар. Жалғыз шығуға тыйым салынады. Отбасыңыздың мүшелеріне немесе көршілерге қайда баратыныңызды және қашан келетініңізді хабарлаңыздар. Автомобильде тек үлкен жолдарда және тас жолдарда ғана қозғалуға болады. Машинадан шыққан кезде одан көріну шегінен тыс алыстамаңыздар. Жолда тоқтап, үзік гудокпен дабыл белгісін беріңіздер, капотты көтеріңіздер немесе антеннаға ашық түсті матаны іліп қойыңыздар, көмекті автомобильде күтіңіздер. Бұл ретте ауаның жаңаруын қамтамасыз ету және иісті газбен уланбау үшін әйнекті кішкене ашып, моторды сөндірмеуге болады. Егерде Сіз бағдарды жоғалтсаңыз елді- мекеннің сыртында жаяу жүріңіздер, бірінші кездескен үйге кіріңіздер, Сіздің орналасқан жеріңізді нақтылаңыздар және, мүмкін болғанша, боранның аяқталуын күтіңіздер. Егерде Сізден күш кетіп жатса, пана іздеңіз және сонда қалыңыздар. Сізге таныс емес адамдармен байланысқан кезде абай болыңыздар, өйткені табиғи апат болған кезде автомобльден, пәтердегі және қызметтік үй-жайлардағы ұрлықтар саны күрт өседі.
Қатты бораннан кейін қандай әрекет жасау керек
Егерде қатты күртік қар жағдайында Сіздер ғимараттың ішінде қоршалып қалсаңыздар, абайлап, абыржымай күртік қардан өз бетіңізше шығу мүмкіндігін анықтаңыздар (қолда бар құралдарды пайдалана отырып). Жергілікті атқарушы органға немесе облыстың төтенше жағдайлар өкілетті органының аймақтық бөліністеріне күртік қардың сипаты және оларды өздерінше сырып тастау мүмкіндігі туралы хабарлаңыздар. Егерде өз күштеріңізбен күртік қарды сырып тастау мүмкіндігі болмаса, құтқару бөліністерімен байланысуға тырысыңыздар. Радиохабарлау қабылдағышын (теледидарды) қосыңыз және жергілікті артқару органдарының нұсқауын орындаңыз. Жылуды сақтауға және азық-түлік қорларының шығынын үнемдеуге шаралар қабылдаңыздар.
Үсік кезінде алғашқы көмек
Жылу берілетін үй-жайларда дененің үсіп қалған бөлігін жылытыңыздар, құрғақ жұмсақ матамен сүртіңіздер, сосын оны жылы суға салыңыз және судың температурасын 40-45 градусқа дейін жеткізіңіздер. Егерде ауырғаны басылса және сезімталдық орнына келсе, онда қолыңызды (аяғыңызды) құрғағанша сүртіңіздер, носки киіп (бес саусақ қолғап), мүмкіншілік болса, хирургке барыңыздар.
Қар көшкіні – бұл таулардың тік баурайларынан құлайтын немесе сырғып түсетін және 20-30 м/с жылдамдығымен жылжитын қардың массасы.
Қар көшкінің құлауы орасан зор қираулар жасайтын көшкін алдындағы ауа толқындарының пайда болуымен ілеседі. Қар көшкінінің түсу себептері: ұзақ уақыт қар жауу, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тау баурайлдарының дірілін және ауа ортасыының тербелісін келтіретін, адамдар қызметінің басқа түрлері болып табылады. Қар сырғанаған көшкіні ғимараттардың, инженерлік салынымдардың қирауына әкеп соғуы, тығыз қармен жол мен тау жолдарын жауып тастауы мүмкін. Қармен қоршалып қалған тау қыстақтарының тұрғындары, туристер, альпинистер, геологогиялық барлаушылар, шекарашылар және басқа тұрғындар жарақат алулары және қалың қардың астында қалып қоюлары мүмкін.
Егер сіздер қауіпті аймақта болсаныздар, қандай әрекет жасау керек
Қар көшкіні сырғитын аудандарда жүрудің негізгі ережелерін сақтаңыздар:
- тауға қар жауғанда және қолайсыз ауа-райында шықпаңыздар;
- тауда болғанда, ауа-райының өзгеруін бақылаңыздар;
- тауға шыққанда, өзіңіздің серуен жасайтын жолыңыздың аймағында қар көшкінінің болуы мүмкін орындарды біліңіздер;
Қар көшкіні болатын жерден аулақ жүріңіздер. Олар көбінесе тау баурайларының 30° астам бөктерлерінен, егерде бөктерлер бұтасыз және ағашсыз болса — 30° астам бөктерлерден сырғиды. Қар көшкіндері 45° астам бөктерлерден әрбір қар жауған сайын сырғиды. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің қауіпті кезеңдерінде тауларда құтқару отрядтары құрылады.
Ескертулік іс-шаралар
Қар көшкінінің қауіпті жағдайларында қар көшкінінің қауіпті бағыттарында қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, қалыптасып жатқан қар көшкінінің жасанды түсуі шақыртылады, қар көшкінінің қауіпті бағыттарында қорғану құрылыстары салынады, құтқару құралдары дайындалады және құтқару жұмыстары жоспарланады. Кез-келген ауа-райында бөктерлері 30° асатын қойнаулардан өтіп керек емес, ал қар жауғаннан кейін бөктерлері 20° асатын қойнаулардан тек 2-3 күннен кейін өтуге болады. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің ең қаупті кезеңі – көктем мен жазда, таңғы сағат 10-нан күн бақанша дейін.
Қар көшкіні түскенде қандай әрекет жасау керек
Егерде қар көшкіні жеткілікті жоғары жақта түсіп жатса, жылдам адымдап немесе жүгіріп қар көшкінінің жолынан қауіпсіз жерге кетіңіздер немесе шыңның шоқысына, ойына жасырыныңыздар (жас ағаштардың артына тығылуға болмайды). Қар көшкінінен қашу қашып кетуге мүмкіндік болмаса, заттардан босап, тізелеріңізді ішіңізге тартып және денелеріңізді қар көшкінінің бағытына қарай бағдарлап, көлденең қалыпта тұра қалыңыздар.
Сіздерді қар көшкіні бассып қалса, қандай әрекет жасау керек
Мұрныңыз бен ауызыңзды қолғаппен, шарфпен, жағамен жабыңыздар; қар көшкінінің ішінде қозалып келе жатып, қолдарыңыздың жүзу қозалыстарымен қар көшкінінің жоғарғы жағында болуға, жылдамдығы төмен болатын шетіне қарай жылжуға тырысыңыздар. Қар көшкіні тоқтаған кезде, бетіңіз бен кеудеңіздің маңында кеңістік қалдыруға тырысыңыздар, ол демалуға көмектеседі. Мүмкіндік бола қалса, үстіне қарай қозғалыңыздар (жоғарғы жақты слекейдің көмегімен анықтауға болады, оны аузыңыздан шығарып). Қар көшкінінің ішінде болғанда, айқайламаңыздар – қар дыбысты толығымен басып тастайды, ал айқай мен мәнсіз қозғалыстар Сізді күштен, оттегінен және жылудан айырады. Сабырлық сақтаңыздар, ұйықтап қалмаңыздар, естеріңізде болсын, Сіздерді іздеп жатыр (қар көшкінінен адамдарды бесінші және тіпті он үшінші күндері құтақарған кездер де болған).
Қар көшкіні түскеннен кейін қандай әрекет жасау керек
Егерде Сіздер қар көшкінінен тыс жерлерде болсаңыздар, болған жай туралы қайткенде де жақын орналасқан елді-мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыздар және зақымданғандарды іздеуге және оларға көмек көрсетуге кірісіңіздер. Қардың астынан шығып, өз беттеріңізше немесе құтқарушылардың көмегімен өз денеңізді қараңыз және қажет болған жағдайда өзіңізге көмек көрсетіңіз. Жақын орналасқан елді-мекенге жетіп алып, болған жай туралы жергілікті әкімшілікке хабарлаңыздар. Медпунктке немесе дәрігерге саумын деп есептесеңіздер де көрініңіздер. Одан кейін дәрігердің немесе құтқару отрядының басшысының нұсқауы бойынша әрекет жасаңыздар. Өздеріңіздің туыстарыңыз бен жақындарыңызға өз жағдайларыңызды және тұрған жерлеріңізді хабарлаңыздар.