УЛЫ ӨСІМДІКТЕРМЕН ЖӘНЕ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕГІ КӨМЕК-2
Жедел көмек. Амилнитрит ингаляциясы (2 – 3 ампула), 0,1% калий перманганатымен немесе 0,5% натрий тиосульфат ерітіндісін қоса отырып зонд арқылы асқазанды жуып тазалау жасалып, белсендірілген көмір беріледі.
Белсенді детоксикация әдістері. Әр 10 мин сайын 2-3 реттен көктамырға ақырындап натрий нитратының 10мл 1% ерітіндісі, натрий ти- осульфаты 50мл 30% ерітіндісі және метилен көгі – 50мл 1% ерітіндісі беріледі.
Симптоматикалық терапия. Көктамырға қайталап 20 – 40мл 40%глюкоза ерітіндісі беріледі. Оксигенді терапия жүргізіледі. Тәулі- гіне көктамырға B12 дәрумені 1000 мкг және көкамырға 20мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, жүрек-тамыр құралдары енгізіледі. Ре- анимациялық іс шаралар жасалады.
Тетраэтилқорғасын
Тетраэтилқорғасын (ТЭҚ) – түссіз майлы жеңіл ұшатын сұйықтық, ароматикалық иісі бар. ТЭҚ парлары ауадан 11,2 есе ауыр. Суда ерімей- ді, бірақ органикалық еріткіштер мен жануарлар майларында жақсы ериді.
Тетраэтилқорғасын антидетонатор ретінде этил сұйықтықтарының құрамына кіреді, ол бензинді этилдеу үшін қолданылады; қауіпті жүй- ке – тамыр уы болып табылады. Ол организмге өкпе, тері жабыны және асқазан арқылы кіріп, жүйке жасушаларын зақымдайды, сонымен қатар аталған у тамыр ауруларын тудырады.
0,0001мг/л шасындағы ТЭҚ концентрациясы көп уақыт әсер етуі барысында улану туғызады. Энтеральді түсу кезіндегі өлім дозасы — 1,5мг/кг.
Тетраэтилқорғасынға айқын кумулятивті әрекет ету тән – бас миы мен жұлынды, бауыр мен бұйректің аздаған бөлігін депондау. Токсин- ді триэтилқорғаныс құрылуымен таратылады. Бүйрекке көп таралады. Латентті кезеңі – бірнеше сағат.
Клиникалық картинасы. Тәбет жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер көру, гал- люцинациялар, брадикардия,гипотония, тершеңдік, сілекей бөлінуі, қышу, қалтырау, қозу тән. Ауыр жағдайларда – жедел психоз көрінісі орын алады. Токсинді нефропатия дамуы мүмкін. Әсіресе балалар сезімтал келеді, олардың интоксикациясының жасырын кезеңі күрт қысқарады.
Жедел көмек. Қолды керосинмен, кейіннен сабынмен және сумен жуу. Асқазанға түсу кезінде 2% натрийгидрокарбонаты ерітіндісімен немесе 0,5% магний сульфаты ерітіндісімен жуып тазалау, кейіннен тұзды іш өткізгіш құрал ретінде магний сульфаты беріледі. Форсирленген диурез жасалады.
Симптоматикалық терапия. Көктамырға 30 – 50мл 40%глюкоза ерітіндісі, натрий тиосульфаты 20мл 30% ерітіндісі, кальций хлориді 10мл 10% ерітіндісі; қозу орын алса – бұлшықетке диазе¬пам 4мл 0,5% ерітіндісі беріледі. Морфин, хлоралгидрат, бромидтерді беруге тиым салынған.
Этиленгликоль (антифриз, тормозная жидкость этиленгликоль құрамдас тормоз сұйықтығы)
Этиленгликоль – сиропқа ұқсас сұйықтық, дәмі тәтті, қайнау температурасы 198°С. Негізінен оны антифриз ретінде 35 – 40% су ерітіндісімен (қатпайтын қоспа) пайдаланады.
Организмге түсу барысында психотропты (есірткілік), нефротоксинді,гепатотоксинді, әрекет етеді. Өлім дозасы шамамен алғанда 100мл (алдын ала этонол қабылдамай). Қандағы токсинді концентрациясы 1,5г/л, өлім концентрациясы – 2,4г/л. Ішек-қарын жолдарында тез сіңіріледі, көп бөлігі токсинді метаболиттер: глиоксоль, гликоль және қымыздық қышқылын құра өтіріп бауырда метоболизмге, зат алмасуына ұшырайды. Несеп арқылы шығарылады.
Клиникалық картинасы. Антифриз ішке қабылданған уақыттан бастап жақсы көңіл-күймен жеңіл алкогольді улану сезімі туындай- ды. 5-8 сағат өткеннен кейін іштің ауруы, қатты шөлдеу, бас ауруы, құсу, іш өтуі пайда болады. Тері құрғақ. Шырышты қабық цианит түстес. Психомоторлы қозу, көз қарашғының ұлғаюы, дене темпера- турасының көтерілуі, демікпе, тахикардия анықталады.
Қатты улану жағдайларында – естен тану, желке бұлшықеттерінің ебедейсіздігі, клоникотоникалық тартылулар орын алады. Тыныстау терең және шулы. Жедел жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, ану- рия, токсиндігепатопатия, жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілігі.
Жедел көмек. Зонд арқылы асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізу құралы беріледі. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген ди- урез жасалады, улану немесегемосорбциядан кейін алғашқы тәулік- терде ертегемодиализ қойылады.
Белсенді детоксикация әдістері. Алғашқы тәуліктерде көктамырға 10% кальцийглюконаты ерітіндісі, 10-20мл кальций хлориді ерітіндісі немесе 10 – 20мл кальцийглюконаты; ішке қайталап 30мл 30% по 30мл этил спирті немесе 5% ерітіндісі, көктамырға 100 – 200мл (1 – 2г 95% денегінң 1 кг массасына этил спирті).
Симптоматикалық терапия. Жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілігін емдеу жүзеге асырылады. Қозу барысында магний сульфатының 10мл 25% еірітіндісі бұлшықетке қайталап беріледі, глюкоза-новокаин қоспасы көктамырғаберіледі, жүрек-тамыр құралдарымен жұлын пункциясы жасалады.
Улы саңырауқұлақтармен улану
Барлық ғасырларда Русьта «тыныш аң аулауда» — адамдар саңырауқұлақ жинауға ерекше жылулықпен қараған. Саңырауқұлақ жинаудан басқа балалармен бірге орманда қыдыру, организмды сауықтырған. Жиналған саңырауқұлақтарды пісіруге, қуыруға, кептіруге, тұздағу, маринадтауға болатын еді. Нәрлі құндылықта- ры бойынша саңырауқұлақтан жасалған тағамдар ет тағамдарына жақын (халық саңырауқұлақтарды екінші ет деп атаған), ал дәмдерінің әр түрлі болуына байланысты еттен де асып түсетін. Тұрғындарды дәстүрлі азық-түлікпен қамту барысында төтенше жағдай туындаса жабайы өсетін жеуге жарамды өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың маңыздылығы біршама арта түседі. Жинау қарқындылығы ұлғаюына байланысты өсімдіктер дүниесінің улы түрлерімен улану қаупі өсе түседі.
Саңырауқұлақ жинау барысында аса мұқият болып, улы саңырауқұлақтардың ерекше белгілері жоқ екенін ескеру қажет. Улы саңырауқұлақтардың күміс қасық пен сарымсақтың қараюын тудырады, иісі мен дәмі жағымсыз болады, оларды құрт жемейді деген түсініктер шындыққа жанаспайды. Сондықтан да, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың сыртқы белгілерін білу арқылы ғана уланудың алдын алуға болады.
Біздің елімізде 80 аса улы саңырауқұлақ түрлері бар, олардың ішінде аса улы қасиеттерімен шамамен алғанда саңырауқұлақтың 20 түрі ерекшеленеді.
Барлық улы саңырауқұлақтарды, олардың токсиндеріның әрекет етуіне байланысты үш топқа бөлуге болады:
- жоғары токсинді саңырауқұлақтар (сұр арамқұл, сасық му- хомор немесе арамқұл іспеттес, плюшті паутинник, строчикий
– көктемгі және асқан үлкен) олардың улары ішкі органдарды зақымдайды;
- нейротропты және психотропты әркет ететін улы саңыра- уқұлақтар (мухоморлар, волоконницалар, лепиоттар,говорушки- лер);
- өткіргастроэнтерит туғыза отырып ішек-қарын жолдарын зақымдайтын улары бар саңырауқұлақтар; саны бойынша бұл кеңа- уқымды улы саңырауқұлақтар тобы (опята саңырауқұлақтарының барлық түрлері, пуатинниктердің кейбір түрлері, өтірік түлкішек, сүттектесіндер мен т.б.).
Боз арамқұлақ
Боз арамқұлақ (түрлері: ақ боз арамқұлақ, жасыл боз арамқұлақ, сары боз арамқұлақ) – өлтіретін улы саңырауқұлақ, қателесіп тамаққа пайдалану жіті улану туындатады, кей кездері өлім жағдайы орын ала- ды. Білмеусіздік пен немқұрайлылық бойынша боз арамқұлақты шам- пиньондармен немесе ақ түсті сазқатпамен (сыроежка) шатастырады.
Ақ түсті боз арамқұлақ шілдеден бастап қазанға дейін құмды то- пырақты жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда кездеседі. Басқа боз арамқұлақ түрлері ақтан басының түсімен ғана ажыратылады.
Жасыл түсті боз арамқұлақ шілдеден бастап қазанға дейін құмды топырақты жапарақты ормандарда өседі. Ресейдің солтүстік және орталық бөліктерінде сирек, оңтүстікте Тула облысының оңтүстігінен бастап жиі кездеседі.
Сары түсті боз арамқұлақтарды жасыл саңырауқұлақтар, сазқат- па немесе шампиньондар ретінде қате қабылдауға байланысты улану жағдайлары орын алады. Жасыл түсті шампиньон сары түсті боз арамқұлаққа ұқсас, бірақ оның уы төмендеу. Бұл саңырауқұлақ түрі Ресейдің европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде, Орталық Азияда кездеседі. Жапырақты ормандарда, саябақтар мен шалғынды жерлерде, ағаш отырғызылған белдеулерде, қалыпты жағдайларда жекелей немесе шағын топ болып, маусым мен қазан аралығында өседі.
Клиникалық картинасы. Боз арамқұлақпен улану – барлық саңырауқұлақтармен улану арасындағы аса улысы. Боз арамқұлақ құра- мында жоғары токсинді фаллион алкалоидтері, аманитин бар. Бұл уларгепато-, нефро-, энтеротоксинді әсер етеді. 100г балғын саңырауқұлақта (5г құрғақ) 10мг фаллоидин, 13,5г аманитин бар.
Аманититтің өлім дозасы – 0,1мг/кг. Қандайда бір аспаздық өңде- улер бұл саңырауқұлақтарды зарарсыздандырмайды. Токсиндер қайнату, суға салып қою және кептіру арқылы бұзылмайды. Токсиндері ішек-қарын жолдарына тез сіңіріліп, бауырда депондалады. Инкубация кезеңінің ұзақ болуына байланысты диагноз қою мүмкіндігі қиындай түседі. Айқындалған интоксикация сипмтомдарының дамуына дейін өліп кету мүмкіндігі кезеңі 6 сағаттан 24 сағатқа дейін, кей уақытта 48 сағатқа дейін. Осы уақытта улар сіріңіріліп қана қоймай, организмде қайтарылмас өзгерушіліктер орнатуы мүмкін.
Боз арамқұлақпен уланудың клиникалық картинасы екі сатыда өтеді. Жасырын кезеңнен кейін жеделгастроэнтэрит нышандары туындайды: іштің ауруы, үздіксіз құсу және профузді іш өту «күріш суы».
Организмнің сусыздануы нәтижесінде шөліркеу, әлсіздік, сананың бұлыңғырлануы, пульстің жиіленуі мен әлсізденуі; көздің орнынан шығуы, дауыстың жоғалуы, көру қызметінің нашарлауы бақалады, тері мен шырышты қабық құрғап, ерін мен тырнақ көгереді.
Артериалді қысым төмендеп, коллапс орын алуы мүмкін тұз теңгерімінің бұзылуы балтыр мен бет бұлшықеттерінің тартылуына әке- леді. 1-2 сағаттан кейін іш өту мен құсу басылады, іштің ауруы кетеді. Жақсару сияқты жағдайдан 3-4 күннен кейін уланудың екінші сатысы басталады. Токсиндігепатит нышаны (сарыауру, бауырдың ұлға- юы және ауырсынуы, несептің қошқылдануы, нәжістің түссіз болуы) және токсинді нефрит (диурез бен анурия, несептегі ақауыз төмендеуі) пайда болады. Бауыр-бүйрек жетіспеушілігі команың дамуына әкеледі. Әсіресе балаларда ауыр өтеді. Диагноз қою барысында анамез, сонымен қатаргастроэнтерит пен токсиндігепатит үйлесуімен екі фазалы клиникалық өту назарға алынады.