Қоғам

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАҢЫЗ

Түркістан облысында өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке Түркістан  облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы капитан О. Дуйсен қатысты.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы О.Дуйсен өз кезеңінде «Суға шомылу маусымындағы» атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша атап өтті. Ағымдағы жылы облыс су айдындарында суға түсу маусымын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді. Онда суға шомылу кезеңінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар кешені қарастырылды.

Қазіргі уақытта 1154 рейдтер жүргізілді, оған 3281 адам қатысты. Су айдындарындағы демалыс орындарын ұйымдастыру үшін 27 орын қарастырылған. Облыс аумағында 111 суға түсуге тыйым салынған орын анықталып, облыстық маслихат шешімімен бекітілді. Өткен жылы ол жерлерге 256 тыйым салу белгісі орнатылды. Балаларды жүзуге үйрету бойынша облыс аумағында  97 қаңқалы модульдік бассейн жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 580 еріктілер мен жұмыспен қамту орталығынан 81 азамат үгіт-насихат жұмыстарына тартылуда.

Суға шомылу кезінде нені білу керек?

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Оған дәлел өткен жылы Түркістан облысында болған қайғылы жағдай. Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасы Сырдария өзенінің жағлауына демалуға барған. Өкінішке қарай судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Әулеттің 11 адамы суға батып кетті. Оның 5-і ересек, 6-ы жасөспірім балалар. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға орын алған аймақтың шомылуға арналмағанын анықтаған. Сонымен қатар, суға батқан он бір адам бірін бірі құтқармақ болған.

Әдетте, жүзе алмайтын балалар  белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.

Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған  алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет.

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?

суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;

егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;

су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы  +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;

суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;

Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.

Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:

Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;

Кемеге жақын жүзуге болмайды;

Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;

Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;

Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;

Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;

Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close