ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан шаһарының дамуы мен гүлденуіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ерекше болып отыр. Оның басты себептерінің бір парасы ретінде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын атауға болады. Өйткені осы жоба арқылы тұтас облыс көлеміндегі кәсіпкерлерге 280 ге жуық жоба негізінде 10 млрд теңге көлемінде несие берілген. Осының өзі кәсіпкерлерге мүмкіндік ашылғанын, сол арқылы өңір дамуына тың серпін болары анық көрініс тауып отыр.
Олай болатыны Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» бүгінде өңір тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру болып табылады.
Осы негізде өңір кәсіпкерлеріне айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны байқалады. Атаулы бағдарламалар арқылы қолдаудың маңызын түсіндіру үшін тиісті сала басшылары облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізді. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы өңірде біршама жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Енді бір сөзбен айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» т.б. бағдарламалар жайлы толық тиімді және өңірдің дамуы мен кәсіпкерлердің өркендеуіне тың серпін болады.
Аталған бағдарламалары кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру инструменттері қаралған. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтерге жататын жобалар аталмыш бағдарламаға қатысушы болып саналады. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асқан сәтінен бастап 46 млрд. теңгені құрайтын 321 жоба қолдау тапқан.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қолдаулардың бір түрі несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау болып табылады. Экономиканың басым секторларында өзінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер осы бағдарламаға қатысушы бола алады. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Бағдарлама бойынша 2022 жылдың 6 айында 9,6 млрд. теңгені құрайтын 274 жеңілдетілген несиелер берілген.
Анықт ап айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттырып, шығарған өнім көлемін арттыруға үлкен үлес қосуда. 2021 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті.
Тағы бір айта кететін оңтайлы мүмкіндік атаулы екі бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиені алу үшін сертификат тапсыру міндетті емес. Екінші деңгейлі банктер несиені ұсынуға өтінімді қабылдау кезінде кепілзатты талап етеді. Бұл ретте, кәсіпкерлер несиелерді кепілдендіру инструментін пайдалана алады. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберіне несиелерді кепілдендіру құралы көзделген. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін: 1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды. 2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді); 3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды; 4) кредит валютасы – теңге.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары: 1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредитр) сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспайды. 2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, кәсіпкер бұл ретте кепілдік құны кредит сомасының 50 %-ынан кем болмайтын мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді). 3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит/қаржылық лизинг шарты мерзімінен аспайды; 4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.
Жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ақысыз негізде жүргізеді.
Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар қазіргі таңда өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы алғашқы орыннан көрінуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда облыс алғашқы үштіктен орын алады. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге үлкен үлес қосуда. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жеткен. Сәйкесінше, кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемінің артуы ондағы жұмыс жасайтын адамдар табысының артуына септігін тигізеді.
Солардың ішінде Түркістан халқы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға үлкен қызығушылық білдіруде. Статистикаға сүйенсек, небәрі осы жылдың қаңтар-маусым айларында, яғни 6 айдың ішінде жаңадан 10 295 шағын және орта кәсіпкерлік ашылып, жалпы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны 155 073-ті құрап отыр. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған.
Түркістандағы жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау алған жобалар өңірдің барлық салаларындағы кәсіпкерлерді қамтиды. Олардың қатарында: кеңінен қолданылатын трансформатор жабдығын қазақстандық жетекші өндіруші ретінде танымал «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, ПЭТ қалдықтарын қайта өңдеу және химиялық талшық өндіруші Green Technology Industries, күйдірілген кірпіш шығаратын Бөкей, Агро-5, Батсу-Водоканал зауыттары, алма өсіру, сақтау және өңдеумен айналысатын DALA-FRUIT.KZ, «Бөрте Милка» компаниясының сүт-тауар фермасы, Сарыағаш ауданындағы санаториялық-курорттық орындар, мақта өңдеу зауыттары, ауыл шаруашылығы бағытындағы жобалар, туризм саласындағы бірқатар ірі жобалар осы бағдарлама аясында жұмыс істеп, игілігін көріп жатқан орындар екенін мақтанышпен айтуға болады.
Кәсіпорын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге мүмкіндік зор. Түркістан шаһарында зауыт, фабрикалардың салынуы қала экономикасына оң ықпалын тигізіп, сонымен қатар азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ақиқаты барлық ұсыныстарды қарастырып, ұтылмаудың жолдарын да зерттелінеді. Бұл шаралар бизнесті қолдау және қаржыландыру шараларының қолжетімділігін арттыратынына, сондай-ақ бизнестің ел экономикасына үлесін көбейту мүмкіндігін тудыратынына сенім мол.