ШЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ КУРСЫНАН ӨТУ КӨРСЕТКІШІ 100%-ҒА ЖЕТТІ
Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім басқармасының тоғыз айда атқарған жұмыстарының есебін қабылдады.
Басқарма басшысы Ж.Тәжиеваның айтуынша, есепті мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштерінің орындалуы 86,9%-ға жетсе, «Жобалық кеңсе» платформасының индикаторлары – 100% орындалған.
Қала бойынша 782 білім беру ұйымдары қызмет атқарады. Оның ішінде 526 – мектепке дейінгі мекемелер, 202 – орта білім беру ұйымдары, 32 – техникалық және кәсіби білім беру мекемелері бар.
Кадрлық құрам бойынша 28 519 педагог еңбек етуде. Біліктілік деңгейі бар педагогтар үлесін 59,5%-ға жеткізу жоспарланса, нақты 12 208 педагогтың біліктілік деңгейі арттырылып, көрсеткіш 67,3%-ға жеткен.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бар педагогтардың саны 2886 адамға жетіп, жоспар 100%-ға орындалған.
Қала бойынша 5 771 педагог мамандардың біліктілігі арттырылды. Педагогтардың құқықтары жөніндегі Әдеп кеңестері құрылған. Қаламызда 17 пән бойынша пән мұғалімдерінің қауымдастықтары құрылып, кадрлық резерв институттары жасақталған.
Педагогикалық университеттермен меморандумдар түзіліп, «YouTube» арнасында педагогтар үшін үздік сабақтар жинағы түзілген. Педагогтардың цифрлық сауаттылығы көрсеткіші 100%-ға жеткен.
Қаламызда педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Process» ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған. Бүгінгі күнге дейін 2 144 бос жұмыс орындары жарияланып, жұмысқа қабылданған 1 198 педагогтың 385-і – үздік диплом иегері, 180 азаматтың – магистр ғылыми дәрежесі бар, 27 педагог – шет елдік оқу орындарын бітірген.
Қала әкімі білім сапасын арттырудың маңыздылығын айтты. Сапалы білімге педагог кадрлардың әлеуетін көтеру арқылы жететінімді ескертіп, педагогтарды жұмысқа қабылдау үдерісінің автоматтандырылуы өз тиімділігін көрсетіп жатқандығын назарға алды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.