Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

1999 жылы 10 қаңтар — ҚР Президентінің сайлауы өтті. Тұңғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 пайыз дауыс алған Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды;

1999 жылы 19 қаңтар — ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың негізінде «Отан» партиясы құрылды. Осы күні партияның құрылтай съезі өткізіліп, 12 ақпанда тіркеуден өтті

1999 жылы 28 қаңтар — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Дауостағы Дүние-жүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты;

1999 жылы 2 сәуір — Мәскеуде ТМД Мемлекет Басшыларының кеңесі өтті. Оған 12 елдің басшысы қатысты. Отырыс барысында Ұжымдық Қауіпсіздік келісімін ұзарту (Өзбекстан, Әзербайжан, Грузиядан басқа) туралы хаттамаға, ТМД-ның даму бағыттары туралы декларацияға, 1994 жылғы 15 сәуірде қабылданған еркін сауда аймағын құру туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, ТМД органдарының құрылымын реформалау және жетілдіру туралы шешімге қол қойылды;

1999 жылы 8 сәуір — Ашхабадта Орта Азия Мемлекет басшыларының отырысы өтті. Оған Н.Назарбаев, А.Ақаев, И.Каримов, Э.Рахмонов, С.Ниязов қатысты. Саммит нәтижесі бойынша Аралды құтқару Халықаралық қорының ережесі бекітілді;

1999 жылы 16 сәуір — Алматыға жұмыс сапарымен Палестина мемлекетінің Президенті Я.Арафат келді;

1999 жылы 19 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі М.Земанды қабылдады;

1999 жылы 21 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Аль Танимен кездесті;
1999 жылы 23-25 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев НАТО-ның саммитіне қатысу үшін Вашингтонға сапармен барды. Бұл жолы Президент АҚШ-тың саяси және іскерлік әлемінің серкелерімен кездесті.

1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды. Тоқтала кететін жайт, 2003 жылы дүниежүзілік жетекші рейтингісі бар «Moodys Investors Service» агенттігінің қолдауымен қаланың несиелік рейтингі бірден екі деңгейге — Ва3-тен (тұрақты) Ва1-ге (тиімді) дейін өсірілген болатын;

1999 жылы 6 шілде — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Түрік Республикасының Президенті С.Демирельмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты мәселелер талқыланды;

1999 жылы 14 шілде — Астанаға ресми сапармен Молдова Президенті Петр Лучинский келді. Ол сапар барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды;

1999 жылы 9 тамыз — ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Үндістанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Сыртқы істер министрі Дж. Сингхпен екі жақты ынтымақтастық қана емес, көптеген халықаралық проблемалар туралы пікір алмасты;

1999 жылы 24 тамыз — Бішкекте «Шанхай бестігі» елдері Мемлекет Басшыларының саммиті өтті;

1999 жылы 2 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Армения Президенті Р.Кочерянмен кездесті. Сапар нәтижесінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі біріккен комиссия құру туралы келісімге қол қойылды;

1999 жылы 3 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елімізде мұнай өндіріле бастауына 100 жыл толуына орай Атырау қаласында өткізілген салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі;

1999 жылы 14 қыркүйек — Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңеске қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушы мем-лекеттердің өзара қатынасын айқындайтын принциптер туралы декларацияға қол қойылды;
1999 жылы 15 қыркүйек — ҚР Президентінің Болгарияға бірінші мемлекеттік сапары болып өтті. Сапар барысында Н.Назарбаев Болгария Президенті П.Стояновпен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды;

1999 жылы 17 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Украинаға ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасы бекітілді және екі жақты қатынасты қамтитын екі келісімшартпен алты үкіметаралық келісімге қол қойылды;

1999 жылы 23 қыркүйек — Қазақстанға Ресей Федерациясының Премьер-министрі В.Путин ресми сапармен келді. Журналистермен сұхбат барысында В.Путин Қазақстан — Ресей арасындағы қарым-қатынас жуырда болған ракета апатынан шиеленісіп кеткен жоқ па деген сауалға нақты жауап берді.

1999 жылы 4 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Норвегия Сыртқы істер министрі К.Воллебекті қабылдады;

1999 жылы 5 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Иранға ресми сапармен барды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы өзара қарым-қатынас туралы декларацияға, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, терроризм және ұйымдасқан қылмыстармен күресі де ынтымақтастық туралы келісімшарттарға және сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы Қазақстан-Иран үкіметаралық 5 хаттамаға қол қойды;

1999 жылы 29 қазан — Қазақстан Республикасына Польша Президенті А.Квасьневскидің алғашқы ресми сапары болды;

1999 жылы 18 қараша — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Стамбұлда ЕҚЫҰ саммитінің жұмысына қатысты. Саммит барысында Жалпы еуропалық қауіпсіздік хартиясына қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түрікменстан Президенттері Баку-Жейхан мұнай қыбырын қолдайтын Стамбұл декларациясына қол қойды;

1999 жылы 22 қараша — Астанада «Қазақстан-Еуропалық Кеңес» ынтымақтастық комитетінің бірінші отырысы өтті;

1999 жылы 22 қараша — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Моңғолияға ресми сапармен барды;

1999 жылы 23-27 қараша — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Сапар нәтижесінде үшінші мыңжылдық қарсаңындағы екі елдің саяси және экономикалық өзара іс-қимылының басымдықтары бекітілді.

1999 жылы 6 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жапон еліне сапары болды. Н.Назарбаев Жапон Премьер-Министрі К.Обучимен кездесті. Келіссөздерден кейін Н.Назарбаев пен К.Обучи достық, серіктестік және ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Ол — Қазақстан мен Жапонияның XXI-ші ғасырдағы стратегиялық серіктестігі туралы құжат еді;

1999 жылы 15 желтоқсан БҰҰ және ЕҚЫҰ агенттіктері мен бағдарламаларының жаңа кеңселерінің ашылу рәсімі өтті.

1999 жылы 16-желтоқсан — НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Е.Ыдырысов НАТО-ның евроатлантикалық серіктестік Кеңесінің сыртқы істер министрлері мәжілісінің жұмысына қатысты;

1999 жылы 16 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркке сапары жолында қысқа мерзімге Мадридте тоқтады. Испанияның королі Хуан Карлос I-мен және испан үкіметінің төрағасы Х.Ансармен кездесулері болды;

1999 жылы 17-21 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннанмен және Дүниежүзілік еврейлер конгресінің президенті Э.Бронфманмен жұмыс кездесулері болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close