#Жастар

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Құқықбұзушылық және жасөспірім» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің арнайы қонағы Еңбекші ауданы прокуратурасының аға прокуроры, мектептің қамқоршылық кеңес мүшесі Қайназаров Нұрлан Ануарұлы.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіру, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын ашық микрофон форматында еркін айтуға дағдыландыру.

Кездесуде мектепішілік тәртіп ережелерімен жоғары сынып оқушылары таныстырылды. Әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап, бойымыздағы құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керек екендігі айтылды. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген халқымыздың даңқты батыры Б.Момышұлының сөзімен пысықтады.

Күн тәртібіндегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бақылаусыздық, панасыздық, қылмыс пен жаза тақырыптары төңірегінде өрбіген мәселелер туралы оқушылар көптеген құнды ақпарат алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close