Қоғам

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың алғашқы халықпен кездесуі Түркістан қаласынан басталды.

Таяуда ғана ерекше мәртебені меншіктеген шаһардың тұрғындары жиын өтетін залға лық толып, өңір басшысы мен қала әкімін ерекше ықыласпен қарсы алды. Нұралхан Оралбайұлы өңірдің өткен жылғы жетістігін жіпке тізіп, осы жылдың жоспарын жұртпен бөлісті.

Облыс әкімінен кейін сөз алған қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының дамуы жөнінде баяндады. 2024 жылдың еншісінде кеткен оң істерге шолу жасап, осы жылы жасалатын жұмыстарды жіпке тізді. Баяндама біткен соң кезек сұрақ-жауапқа келді. Микрофон маңына жиналған жұрттың қарасы көп. Бірі жолды жөндеуді сұраса, екіншісі мектептің мәселесіне мән беруді айтты. Әсіресе, сапасыз салынған көпқабатты үйлердің тұрғындары наразы. Облыс әкімі де, қала басшысы да жұмысына жүрдім-бардым қарайтын мердігердің мәселесін майшаммен қарауда. Елді әбігерге салған компаниялар ендігәрі құрылыс маңына жолай алмайды.

Қорыта айтқанда Түркістанда алда атқарылатын жұмыс көп. Жетістік те бар, кемшілік те жоқ емес.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close