Без рубрики

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ- БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ!

Халықтың саулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

Соның жарқын үлгісі – Таубаева Ақтолқын Сайыновна, 24 жылдан бері медицина саласында тер төгіп келе жатқан тәжірибелі дәрігер.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін тәмамдап, балалар дәрігері ретінде еңбек жолын бастаған ол, бүгінде «Сауран аудандық емханасы» Шорнақ бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқаруда.

Жауапкершілігі жоғары, мейірімі мол, білікті маман қоғамдық және мәдени шараларға да белсене атсалысып, жас мамандарға үлгі болып келеді.

Халықтың сенімін ақтап, ауданның медицина саласының өркендеуіне зор үлес қосқан еңбегі елеусіз қалған жоқ – Облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.

Ақ халатты абзал жанның еңбегіне бас иіп, деніне саулық, еңбегіне табыс тілейміз!

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close