Білім

«Сырттай білім беретін математикалық мектеп ашу» тақырыбындағы вебинар

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті математика-механика факультетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасының Оқу орталықтары, жоғарғы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдері мен 8-9-10 сыныптың математикаға бейімі бар оқушыларының қатыстырылуымен
«Сырттай білім беретін математикалық мектеп ашу» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар жұмысының мақсаты —факультет мамандарының жұмылдырылуымен Республика көлемінде сырттай математика мектебін ашу және сол арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық білім деңгейін көтеру, Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстарын күшейту, олимпиадалық есептер шығаруға баулу болып табылады.

Вебинар барысында Еуразия ұлттық университетінің математика -механика факультетінің деканы — PHD докторы, Қозыбаев Данияр Хайбілдаұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Нью — Йорк ғылым академиясының мүшесі Ойнаров Рысқұл, техника ғылымдарының докторы, профессор, Адамов Әбілмәжін және т. б. Ғалымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері өз ойларын білдіріп кері байланыс арқылы пікірлерімен бөлісті.

Қызығушылық танытқан білім беру мекемелерінің басшылары мен мамандарының бірі ретінде Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Қошан Жандос сырттай мектептің ұйымдастырылуының реттілігі мен мерзімдері жөнінде сұрақтар қойып, қажетті мағлұматтар алды және сырттай мектептің Қазақстан Республикасының кез-келген ауылдық мектеп оқушыларына қосымша пайдалы мүмкіндік беріліп отырғанын айтты.
Вебинарға қатысушылар ұйымдасдастырып отырған сырттай мектептің өте өміршең екенін атап өтті, бірлесіп жасайтын ортақ жұмыстарға табыс тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close