Без рубрики
ЖЕТІСУДА ЖОЛ АПАТЫНАН 6 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Жетісу облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты. Апат Сарыөзек–Көктал автожолының 110-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына екі Chevrolet Cobalt автокөлігі қатысқан. Көліктердің соқтығысуы салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала болжамға сәйкес, автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолағымен келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Соқтығыстың салдары ауыр болған.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы органдар апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Тергеу нәтижесінде жол апатына кінәлі тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі.



