Без рубрики

INSTAGRAM ЛОГОТИПІНІҢ ШРИФТІН ЖАҢАРТТЫ

Instagram қосымшасының сыртқы дизайнына өзгеріс енгізілді. Енді қолданушылар қосымшаның жоғарғы бөлігіндегі Instagram логотип-жазуының жаңартылған қаріппен көрсетілгенін байқай алады.

Instagram басшысы Адам Моссеридің айтуынша, логотиптегі жазудың қарпі соңғы 10 жыл бойы өзгермеген. Енді компания брендтің визуалды стилін жаңартып, Instagram атауын жаңа қаріппен ұсынды.

Жаңартылған шрифт платформаның жалпы дизайнын заманауи етуге бағытталған. Өзгеріс әзірге қосымшаның жоғарғы бөлігіндегі логотип-жазудан байқалады.

Instagram бұған дейін де интерфейс пен бренд дизайнына қатысты бірқатар жаңартулар енгізген. Компанияның пікірінше, жаңа визуалды шешім платформаның қазіргі стилін айқындай түспек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close