Без рубрики
АПТАП ЫСТЫҚ: АСТАНАДА 85 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕКОРД ЖАҢАРДЫ
Елордада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тіркеліп, 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 23 маусым күні Астанада ауа температурасы +36,8°C-қа дейін көтерілген. Осылайша, аталған күн бойынша тарихи максимум жаңарып отыр.
Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары температура көрсеткіші +36,4°C болып, 1941 жылы тіркелген еді. Биылғы аптап ыстық бұрынғы рекордтан 0,4°C-қа жоғары болды.
Мамандардың айтуынша, ел аумағында ыстық ауа массаларының әсері сақталып отыр. Осыған байланысты бірқатар өңірде күн қатты ысуы мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, көп сұйықтық ішуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.



