САЙРАМДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ИГЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Жасанды интеллект – қоғамның, экономиканың жалпылама айтқанда мемлекеттік басқруда да маңызды технологиялардың бірі.

Бұл технологияны игеру арқылы уақытты тиімді пайдаланып, біліктілініңізді арттыруыңызға болады. Жалпы мүмкіндігі мол технологияны игеруге тапсырма берген ел басы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы жүйелі түрде жеүзеге асып жатыр. Біз осыған дайын жасанды инетеллекетті мектеп бағдарламасына енгізу туралы жаздық. енді оның бала- бақшадағы маңызы туралы айтпақпыз.
Жалпы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Бұл жаңа технологияларды дамыту мен цифрлық трансформацияны жеделдетудегі басты басымдықтардың бірі. Осыған орай Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімшілігінің бастамасымен ауданда осы бағыттағы түрлі семинарлар өтіп тұрады. Мәселен, мектепке дейінгі ұйым ұстаздары да осы саланы игеруге ынта тантып, әдістемелік кездесулерде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беретінін көрсетті. Жалпы семинарда тәрбиешілерге балалардың жас ерекшелігіне сай заманауи білім беру құралдарын қолдану жолдары түсіндіріліп, жаңа технологиялардың артықшылықтары көрсетілді.
Жасанды интеллекттің мүмкіндіктері тек білім беру саласымен шектелмейді. Бүгінде ол медицинада ауруларды ерте анықтауға, ауыл шаруашылығында егіннің жай-күйін бақылауға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және кәсіпкерлік саласында тиімді шешімдер қабылдауға кеңінен қолданылып келеді. Сондықтан бұл технологияларды меңгеру – уақыт талабы болып отыр. Жасанды интеллектті тиімді пайдалану жағынан Орта Азия елдері көш бастап тұр. Мысалы Қытайдың медицинасында цифрлық технологиының орны ерекше. Тіпті бұл мемлекет келешек жастарды осы салаға бағыттау мақсатында отандық фильмдерінде де жасанды интеллектті
IT сарапшылардың пікірінше, цифрлық сауаттылықты арттыру белгілі бір саланың дамуы емес. Бұл тұтас бір өңірдің ілгері жылжуына оң ықпалын береді. Сонымен қатар, заманауи технологияларды игерген мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие болып, күн сайын жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Оған қоса олардың табысы да ауыз толтырып айтарлықтай арта түседі. Сондықтан бұл жай ғана заман талабына бағыну емес, өзіңіздің дамуыңызға әрі экономиканың дамуына да үлес қосу.
Бүгінде Сайрам ауданында білім беру ұйымдары материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында мүғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру қажет деп есептейді. Сол үшін инновациялық тәсілдерді енгізу бағытындағы жұмыстарды қолға алып келеді. Мұндай бастамалар ұстаздарға ғана емес оқушыларға да тиімді болып отыр.
Президент бастамасы осылайша күннен –күнге жалғасын тауып келеді. Ал, Сайрадықтар алдағы уақытта да осы бағыттағы үгіт насихатын жалстыра бермек.



