Без рубрики

ШВЕЦИЯДА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖАСЫ 14-КЕ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Швеция Парламенті ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша қылмыстық жауапкершілік жасын 14 жасқа дейін төмендетуді мақұлдады.

Тиісті заң жобасын парламенттегі 281 депутат қолдап, 66 депутат қарсы дауыс берген.

Бастапқыда Швеция үкіметі қылмыстық жауапкершілік жасын 13 жасқа дейін төмендетуді ұсынған. Алайда парламенттегі талқылау барысында бұл шек 14 жас болып белгіленді.

Жаңа талап күшіне енгеннен кейін 14 жасқа толған жасөспірімдер ауыр қылмыстардың жекелеген түрлерін жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Билік бұл өзгерісті ауыр қылмыстардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың алдын алу қажеттілігімен байланыстырып отыр.

Заңның нақты қашан күшіне енетіні және жаңа норманың қандай ауыр қылмыс түрлеріне қолданылатыны қосымша тәртіппен белгіленеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close