Білім

Жылдың үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы марапатталды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымын — «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» Шымкент қалалық байқауының жеңімпазы деп танып, оған арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсыру туралы шешім қабылданған болатын.


2021 жылғы 1 қазан күні Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген салатанатты марапаттау шарасы кезінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымына, оның басшысы Бақдаулет Төлебайұлы Әшеновке және кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Әсілбекқызы Әсембековаға Шымкент қалалық байқауының жеңімпазы деген «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломы мен бағалы сыйлығы тапсырылып, олар «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерімен марапатталды.


Басқармада жалпы 57 адам жұмыс жасайды және олар 100% кәсіподақ мүшелегіне кірген. Кәсіподақ ұйымы 2019 жылғы 25 қараша құрылып белсенді жұмыс атқарып келеді.
Басқарма жыл бойында түрлі іс-шаралар өткізумен қатар, әлеуметтік көмектер көрсету бойынша 1,0 млн. теңгенің қолдауын көрсеткен.
Атап айтқанда, кәсіподақ жарнасының есебінен, басқармада 24 қызметкерге 220,0 мың теңге көлемінде отбасылық жағдайларына байланысты қаржылай материалдық көмек көрсетілген. Манкент және Сарыағаш шипажайларына 6 қызметкерге 660,0 мың теңгеге, оның ішінде мекеме тарапынан 4 адамға тегін және басқарманың кәсіподақ комитеті есебінен 2 адамға филиал тарапынан 30%, ал 70% басқарманың кәсіподақ комитеті есебінен жеңілдікпен жолдамалар берілген.
Әлеуметтік көмек көрсету бойынша: тұрмысы төмен, көп балалы батыр ана, жалғыз басты ана мен жалғыз басты әке, асыруашысынан айырылған, мүгедектік топтағы, мүгедек балалары бар отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетіп, жалпы 8 отбасына 120,0 мың теңге көлемінде қайрымдылық жасаған. Оның ішінде, 6 отбасыға 15,0 мың теңгелік азық-түлік себеттері, нақтылай 2 отбасыға 15,0 мың теңгеден ақшалай көмек берілсе, ал оның ішінде, 1 отбасы осы басқарманың кәсіподақ мүшесі.
Басқарманың жұмысы туралы «Antikor Live» жобасы шеңберінде хабарланып, тікелей эфир барысында атқарған жұмыстары мен салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері туралы сөз етілген.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» телеарнасының жаңалықтар қызметінде атқарылған жұмыстар, жоспардың орындалу туралы сюжеттер берілген.
Мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, басшылық құраммен және ұжым қызметкерлерінің қатысуымен брифингтер, танымал платформаларда вебинарлар мен тікелей эфирлер, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілген.
Басқарманың конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, қоғамдық ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысушы кандиттармен әңгімелесу отырысына байқаушы ретінде қатысып, оң пікірлерін білдірген.


Ұжым қызметкерлері қаланы көгалдандыру бойынша ағаш көшеттерін егуге, тазалық жұмыстары бойынша сенбіліктерге қатысып, белгіленген аумақта қала көшелерін қоқыстардан тазалау, жиналған қоқыстарды шығару жұмыстарына белсене атсалысқан.
Мәдени-спорттық шаралар бойынша да қызметкерлердің денсаулығын көтеріп, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын және көңілді мәдени кештер мен шаралар ұйымдастырған.
Сондай-ақ, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басқармада тұрақты бағалау жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызмет саласына қосқан үлестері, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысына қосқан белсенді үлестері еленіп, түрлі наградалар марапаттау жұмыстары жүйелі жолға қойылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close