Без рубрики

ӨЗ АНАСЫН ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛУДА

Тараз қаласында 22 жастағы жігіт туған анасын зорлады деген күдікпен ұсталды.

Полицияға арызды жәбірленуші – 41 жастағы әйелдің өзі жазған.

Құзырлы органдардың мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оған қатысты барлық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күдікті жұмыссыз және отбасымен бірге тұрған. Сот санкциясымен бұлтартпау шарасы қолданылды. Заң бойынша мұндай қылмыс үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close