БАУЫРЖАН БАЙБЕКТІҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды.

Қазіргі таңда ол Qazaq Kaolin тау-кен байыту комбинатының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып жатыр. Бұл ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған.
Еске салсақ, Бауыржан Байбек 2022 жылдың ақпан айында сол кездегі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Осыдан кейін ол Біріккен Араб Әмірліктері барып, бірнеше жыл бойы білім алып, халықаралық жобалармен айналысқан.
Сондай-ақ, сол уақытта Қазақстанға шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмыс істегені айтылды. Ал оның әпкесі Айгүл Байбектің мәліметінше, кейін Байбек Жапония қоныс аударып, жапон технологиялары мен инвестициясын Қазақстанға енгізуге бағытталған инновациялық жобаларды дамытумен айналысқан.
Белгілі болғандай, компания іске қосылар алдында Бауыржан Байбек әуелі кеңесші қызметін атқарған. Кейін қысқа уақыт ішінде директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған.
Бұған дейін Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі, сондай-ақ президенттік партияның жетекші қызметтерінің бірінде болған. Оның жаңа қызметі әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр.



