Без рубрики
ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ЭКС-ПРЕЗИДЕНТКЕ ӨЛІМ ЖАЗАСЫН СҰРАДЫ
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуратурасы бұрынғы президент Юн Сок Ёльне қатысты резонансты іс бойынша қатаң жаза талап етті. Прокурорлар 2024 жылғы әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты экс-мемлекет басшысын өлім жазасына кесуді сұрап отыр.

Апелляциялық сот отырысында айыптаушы тарап бірінші сатыдағы сот шығарған өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді тым жеңіл жаза деп бағалады. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, іс материалдарында әскери төңкеріске дайындық жүргізілгенін дәлелдейтін маңызды айғақтар жеткілікті болғанымен, сот оларды толық ескермеген.
Сонымен қатар арнайы прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнды да өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Тергеу нұсқасы бойынша, ол әскери жағдай енгізу жоспарына қатысы бар негізгі тұлғалардың бірі саналады.
Айта кетейік, бұған дейін бірінші сатыдағы сот Юн Сок Ёльді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Қазіргі таңда іс апелляциялық деңгейде қайта қаралып жатыр.



