Без рубрики

ҚАРАМҰРТТАҒЫ КАРЬЕР АУМАҒЫН МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында көп жылдан бері тұрғындарды алаңдатып келген экологиялық мәселені шешу бағытында нақты жұмыстар қолға алынды.

Бұл шара «Таза  Қазақстан » акциясы  аясында жүзеге асырылып жатыр.

Карьер аумағында жиналған мұнай қалдықтарын шығару және оларды арнайы өңдеу орындарына тасымалдау жұмыстары басталып, бұл жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауымен жүргізілуде.

Бұған дейін Қарамұрт ауылындағы карьер аумағында мұнай қалдықтарының жиналуы тұрғындар тарапынан бірнеше мәрте көтерілген болатын. Аталған мәселе қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, ауылдың экологиялық жағдайына әсер етеді деген  алаңдаушылық туындап еді. Осыған байланысты аудан әкімдігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, аумақты мұнай қалдықтарынан толық тазарту бойынша кешенді іс-шараларды қолға алды.

Қазіргі таңда карьер аумағында арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған мұнай қалдықтарын тиеу және тасымалдау жұмыстары жүзеге асырылуда.  Қалдықтар белгіленген талаптарға сәйкес арнайы полигондар мен өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Бұл жұмыстар экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылып отыр.

Алғашқы жүк көліктері Қызылорда облысында орналасқан «Кендор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жөнелтілді. Әрбір ауыр жүк көлігіне шамамен 25 тоннаға дейін мұнай қалдықтары тиелуде. Мамандандырылған кәсіпорында бұл қалдықтар экологиялық талаптарға сәйкес қайта өңделіп немесе қауіпсіз жолмен залалсыздандырылады.

Мұнай қалдықтарын шығару жұмыстары бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде карьер аумағында жиналған қалдықтардың көлемі нақтыланып, олар арнайы техника көмегімен жүк көліктеріне тиеледі. Кейін белгіленген маршрут бойынша өңдеу кәсіпорындарына жеткізіліп, заң талаптарына сәйкес кәдеге жаратылады. Бұл жұмыстардың барлығы қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында арнайы бақылаумен атқарылуда.

Экологиялық тазарту жұмыстарының басты мақсаты – жердің ластану деңгейін төмендету, табиғи ортаға келетін зиянды азайту және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру. Сонымен қатар карьер аумағын қалпына келтіру арқылы болашақта экологиялық қауіптің алдын алу көзделіп отыр.

Мамандардың айтуынша, мұнай қалдықтары ұзақ уақыт бойы табиғатта сақталып, топырақтың құрамына, жер асты суларына және өсімдіктердің өсуіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай қалдықтарды дер кезінде жинап, арнайы лицензиясы бар кәсіпорындарға жөнелту – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды талабы болып саналады.

Жұмыстардың барлық кезеңінде экологиялық және санитарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылуда. Арнайы техникалардың қозғалысы, қалдықтарды тиеу, тасымалдау және қабылдау процестері жауапты мекемелердің бақылауында өтуде. Бұл өз кезегінде жұмыстардың қауіпсіз әрі сапалы орындалуына мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді. Қарамұрт ауылындағы карьер аумағын мұнай қалдықтарынан толық тазарту – ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Бұл шара табиғатты қорғауға, тұрғындардың денсаулығына төнетін қауіп-қатерді азайтуға және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

Қазіргі таңда мұнай қалдықтарын шығару жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Жауапты мекемелердің мәліметінше, жұмыстар толық аяқталғаннан кейін карьер аумағының экологиялық жағдайына қосымша мониторинг жүргізіліп, аумақты қалпына келтіру бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close