Қылмыс/Оқиға

Банк қызметкерімін деп, депозитінен ақшасын алып қойған алаяқ анықталды

2021 жылдың 23-қыркүйегінде Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол арызында, белгісіз тұлға ұялы телефонмен өзін банк қызметкерімін деп, есеп шотыңыздан белгісіздер несие рәсімдеп жатқанын айтып алдап, құпия сөзін алып, депозитте тұрған 1.000.000 теңгесімен алып қойғанын көрсеткен.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындардан бейтаныс адамдарға жеке басына қатысты мәліметтерді ешкімге айтпауға кеңес береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close