Қылмыс/Оқиға

Шымкентте киім дүкенінен ақша ұрлаған азамат анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, киім дүкенінде белгісіз азамат кассадағы ақшаны ашық түрде ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 400.000 теңгені құрап отыр.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай анықтады. Оның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close