Қоғам

5 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында Қытаймен бірлескен тағы бір жоба іске асырылды. Енді өңірден отандық нарыққа ламинат шығарыла бастайды.

Ламинат зауыты 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Дәл қазір зауытта 25 жергілікті тұрғын қызмет етуде. Бүгінгі зауыттың ашылу салтанатына өңір басшысы Нұралхан Көшеров пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы келіп қатысып, облыс әкімі алдағы уақытта да инвесторларға қолдау көрсету керектігін айтты.

Зауыт «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында салынған. Оның құрылысына 5 миллиард теңге инвестиция тартылыпты. Қазіргі жоспар бойынша кәсіпорын жылына 840 мың шаршы метр ламинат өндірмек. Айта кету керек, қазір зауыт екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Мұнда екі түрлі ламинат өндірілетін болады.

Жалпы Түркістан облысы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан басқа өңірлерге қарағанда ілгеріде келеді. Мәселен, осы жылдың соңына дейін Сайрам ауданында орналасқан тағы бірнеше зауыт құрылысы аяқталып, өз жұмыстарын бастамақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close