Без рубрики

ТОҚАЕВ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинн қабылдап, холдингтің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есеп тыңдады.

Кездесу барысында Рустам Қарағойшиннің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің қолдауымен 77,5 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған 11,6 мың отбасы қоныс тойын тойлаған.

Сондай-ақ жыл соңына дейін Инвестициялық кеңестің қарауына импортты алмастыру, экспорттық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 26 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін ұзақмерзімді инвестиция тартудың маңызын атап өтті. Президент шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейтуді тапсырып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараларды жетілдіру қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close