Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖАСАР БАЛА 9-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП ҚАЗА ТАПТЫ

Шымкент қаласында 3 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға кезінде бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жедел жеткенімен, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте көпқабатты үйлердің терезесінен құлаған 9 бала тіркелген. Оның төртеуі қаза тауып, тағы бесеуі түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды. Мамандардың айтуынша, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау және арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Құзырлы органдар ата-аналардың сақтығы мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы балалардың өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаратынын еске салды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close