Без рубрики
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН БАРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.
Мемлекеттік сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёңнің келіссөздері өтеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ тараптар өнеркәсіп, цифрландыру, технология, энергетика және басқа да перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін қарастырады.



