#Жастар

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланып, қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік. 100 студенті» конкурсына Шымкент қаласынан қатысқан 7 белсенді, талантты студентіміз үздіктер қатарынан орын алды.
Қала колледждерінде білім алып жатқан бұл жастарымыздың мақсаты айқын, өз мамандығы бойынша кәсіби талпынысы жоғары.


Бізде, шыны керек, бүгінде білімді әрі еңбекке икемді болғанымен өз бағдарын білмей жүрген жастар көп. Сондықтан да біздің жеңімпаз жастар оларға үлгі.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру осындай белсенді, рухты жастардың жауапкершілігінде. Санасы сергек, заманауи технологияларды жетік меңгерген Еліміздің нағыз патриоттары ғана тура келген сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close