Тәуелсіздікке — 30 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛЕМ ТАРИХЫНДА ҚАЛАТЫН БАСТАМАЛАРЫ

7. ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға

1999 жылы Ыстанбұл саммитінен кейін тоқырауға ұшыраған Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйым — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басты жиынының 11 жылға жуық уақыттан кейін, 2010 жылдың 1-2 желтоқсан күндері аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйытқы болуымен елордамызда өтуі қазақ тарихындағы маңызды белестердің бірі еді. Жалпы, Азиядан шыққан мемлекеттің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі айтулы оқиға саналады.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысып, Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелерін, Ауғанстан түйткілін, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайын егжей-тегжейлі талқыға салды. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close