Білім

ОҚУШЫЛАР МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН ЖАРЫСТЫ

Тәуелсіздік сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз үшін асыл мұратқа айналды. Сол мұратқа қол жеткізген біздің ұрпаққа одан асқан байлық жоқ, оған теңдес тірек жоқ. Елбасының бастамасымен осы жылдарда жастардың мә­селелері жүйелі түрде шешіліп келді, оның  жалғасы ретінде  2019 жыл «Жастар жылы» деп аталып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар сая­сатына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба әзір­леуді тапсырды. Былтыр Волонтер жылын абыроймен атқарып шықтық. Пре­зиденттің кадрлық резерві жасақталды. Биыл жергілікті мемлекеттік ор­гандарды бағалау көрсеткішіне «Жастардың даму индексі» қосылады. Осы­ның өзі кейінгі кезде жастарды қолдауға ерекше назар аударыла бас­тағанын аңғартса керек.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп- гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 іс -шара жоспары аясында қазақ тілі пәні әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс соңында жеңімпаз оқушылар марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close