Білім

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ — ӨТКЕНДІ БАҒАЛАУ, ӨРЕСІН КӨТЕРУ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінң 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығына қарасты «ULAGAT» педагогикалық қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы базасында «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Әдеби-танымдық кештің мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының аясында ұлттық құндылықтарды таным мен тағылым тұрғысынан бағамдап, келешек ұрпаққа сақтап жеткізу ойын жүзеге асыру мақсатында жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай оқырмандарға ақынның өнегелі өмірінің өрнекті тұстарын насихаттау.
Тағылымды іс-шара барысында Ж.Жабаевтың өлеңдерін жатқа оқыту және айтыс өнеріндегі тек Жамбылға ғана тән ерекшеліктерін таныту арқылы шәкірттердің алғырлық, тапқырлық, тура шешім қабылдау және есте сақтау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған қойылымдар мен өлеңдер оқылып, патриоттық әндер орындалды.
Сонымен қатар, ақынға арналған оқушылардың жыр шумақтары мен жергілікті ақындардың Ж. Жабаевқа арнап жазған арнау өлеңдері және Жамбыл бабамыздың бүгінгі күндегі ізбасарлары, айтыс өнерін жалғастырушы оқушылар тойға арнайы дайындалған үлгі айтыс ұйымдастырды.Қазақтың сайын даласына ғасыр үні қайта жаңғырылды. Кеште ән де, күй де орындалды.
Нәтижесінде оқушылардың бойында ұлттық құндылықтардың тереңдігі аясында түсінік қалыптасып,оны таным мен тағылым тұрғысынан бағамдап, жыр алыбы Ж.Жабаевтың өнегелі өмірінің өрнекті тұстары кеңінен насихатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close