Білім

«РӘМІЗДЕР — МАҚТАНЫШЫМ!» ӘН БАЙҚАУЫ

Біз келешек ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге, Рәміздерін қастерлеп ұстауға және де тілін, салт-дәстүрін қадір тұтуға тәрбиелеуге тиіспіз. Олардың бойларына жастайынан осы ұлттық құндылықтарымызды сіңіргенде ғана келешегіміз кемел болмақ. Елін, жерін сүйетін адам туған өлкесіне қалтқысыз қызмет ететіні сөзсіз.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектепте көңілге қонымды ісшара өтті. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Рәміздер — мақтанышым!» атты патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды.

Әрине, ондағы мақсат — жас ұрпақты Рәміздерін сүюге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ән салу өнеріне бейімдеу болып табылмақ.

Ұйымдастырушы ұстаздар байқаудың өз деңгейінде өткенін, шәкірттердің болашағына үлкен үмітпен қарайтындығын айтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close